Ақмола облысында 300-ден астам кәсіпорын экологиялық бақылау жоспарына енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне бақылау күшейтілуде. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары мен жаңа экологиялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Тұрар Картамұлы баяндады.

Жыл басынан бері ведомство тұрғындар мен эко-белсенділердің өтініштері негізінде бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізген. Анықталған әрбір заңбұзушылық бойынша оларды жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілген. Спикердің айтуынша, департамент табиғаттың ластануы туралы сигналдарға, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерге де жедел әрекет етеді.

«Экологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін 2026–2028 жылдарға арналған жаңа Жол картасы бекітілді. Ол қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған 37 іс-шараны қамтиды. Маңызды қадамдардың бірі – ірі кәсіпорындарда автоматтандырылған мониторинг жүйелерін орнату. Қазірдің өзінде үш нысанда, соның ішінде Степногорск ЖЭО-сы мен «Көкше-Цемент» кәсіпорнында бұл жүйелер жұмыс істеп тұр», – деді Тұрар Картамұлы.

Брифинг барысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жағдайына да ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда облыстағы қоқыс жинау орындарының тек 25-і ғана қажетті рұқсат құжаттарына ие. Бұл мәселені шешу үшін бірқатар аудандарда полигондарды заңдастыру жұмыстары басталған. Атап айтқанда, Щучинск қаласында сұрыптау желісі бар полигон салуға қажетті құжаттар дайындалған. Сонымен қатар, Ақкөл, Зеренді аудандары мен Қосшы қаласында да осындай жобалар әзірленуде.

Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы да жалғасуда. Биыл аумақтарды тазалау мен ағаш отырғызуға бағытталған 36 ірі іс-шара өткізу жоспарланған. Мемлекеттік бақылауды күшейту мен экологиялық мәдениетті арттыруды қатар жүргізу – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және сала жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1198070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді