Түркістан қаласындағы «Белсенді өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласының «Белсенді өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Түркістан облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 Түсіндіру барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілерін апелляциялық тәртіппен шағымдану жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға интернет алаяқтарының алдын алу, құқықтық ақпарат қамтылған брошюралар таратылды.
Сонымен қатар құқықтық сауаттылық жайында кеңестер берілді
 Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту. Соңында тұрғындар өздерін қызықтырған құқықтық тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1200428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді