
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, өтініш-тілектерін назарға алды.
Қабылдауда болған Жамбыл ауылының тұрғыны Батима Қалдыбаева баласын жұмысқа орналастырып беруін өтінсе, Аса ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айгерім Оспанова қазіргі уақытта жалдамалы пәтерде балаларымен жалғыз тұратынын айтып, баспаналы болуына көмек сұрады.
Өз кезегінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы барлық мәселе заң шеңберінде қаралатынын, азаматтарды жұмыспен қамту заңда көрсетілген тәртіппен жүзеге асатынын, көпбалалы анаға қаржылай қолдау көрсететінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1207577?lang=kk

Жауап қалдыру