Қызылбұлақ ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қызылбұлақ ауылдық округіне қарасты Жаңатаң, Кемерши және Бұлақтыкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

🔹Жиын барысында Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасын тапты.

🔹Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауыз су жүйесіндегі ақаулар (насостың істен шығуы, судың сапасының төмендігі), аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысының баяулығы, ветеринарлық қызметтің жеткіліксіз деңгейде көрсетілуі, сондай-ақ ауыл маңындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалау қажеттігі сөз болды.

🔹Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың жағдайы, қыс мезгілінде қарды уақытылы тазарту, жедел жәрдем қызметінің кешікпей жетуі, қаңғыбас жануарларды аулау, жайылымдық жердің тапшылығы мәселелерін де көтерді.

🔹Осы орайда, жекелеген елді мекендерге тән мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, Кемерши ауылында мәдениет үйінің апатты жағдайда болуы және жол жөндеу қажеттілігі айтылса, Бұлақтыкөл ауылында ауыз судың сапасы өзекті мәселелердің бірі ретінде аталды.

🔹Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын жеткізді. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1207622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді