Сарыкөл ауданында мереке мейлінше аталып өтті 1 мамыр күні Сарыкөл кентінің орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған кең ауқымды мәдени іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мерекелік бағдарлама хореографиялық композициямен ашылды. Маяк ауылдық клубының «Сударушка» ложкарлар ансамблі күй орындап, аудандық мәдениет үйінің «Көркем» би ұжымы көрермендерге қазақ биін тарту етті.

Жиналған қауымды аудан әкімі Марат Шымырбеков құттықтап, бұл мерекенің ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті. Өз сөзінде аудан басшысы татулық пен өзара құрмет — мемлекет дамуының берік негізі екенін айтты.

Мереке аясында «Астықтың астанасы, достықтың баспанасы – Қостанайым» облыстық дәстүрлі оқушылар айтысында жүлделі үшінші орын иеленген жас ақын Оразбай Нурислам аудан әкімінің атынан ұлттық аспап — домбырамен марапатталды. Сонымен қатар оның жетекшісі Айбек Құндақбаев та марапатқа ие болды.

Концерттік бағдарламада Қостанай қаласынан арнайы келген қонақ — Аслан Кенжетай өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, мерекенің ажарын аша түсті.

Іс-шара соңында бірлік, достық және татулық құндылықтары тағы бір мәрте айқын көрініс тауып, жиналған жұртшылық мерекелік көңіл күймен тарқасты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1213706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді