
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының дипломатиялық корпусы мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы Өкілдігі қатысты.
Рәсімге қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Сол күні Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Омбы қаласының Собор алаңында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысты.
Еске алу іс-шаралары тарихи жадты сақтау, жеңімпаз ұрпақтың ерлігіне құрмет көрсету, сондай-ақ достық пен тату көршілік байланыстарды нығайтудың белгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-omsk/press/news/details/1217065?lang=kk

Жауап қалдыру