“Жеңіс-тарих, бейбіт күн-бақыт!”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Жеңіс-тарих, бейбіт күн-бақыт!”

Түркістан облысы Отырар ауданы
“С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-сынып жетекшісі Тұрысбекова Нұргүл апай мен мектеп тәлімгері Айнабек Жанат апайдың ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Жеңіс – тарих, бейбіт күн – бақыт!» тақырыбында мектепшілік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар батыр бабалар ерлігін дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтарымен жеткізді. Ән шырқалып, көріністер қойылып, соғыс жылдарының ауыр кезеңдері сахнада шынайы бейнеленді.

Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны, бейбіт өмірдің қадірін білу – әрбір ұрпақтың міндеті екені кеңінен насихатталды.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара – тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, елге деген махаббаттың жарқын көрінісі болды.

Бейбіт күннің бағасын білген ел – бақытты ел,
Ерлікпен келген жеңісті ұмытпайтын ұрпақ – мәңгілік ел!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-akkum/press/news/details/1220527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді