«Алдар. Махаббат туралы аңыз» премьерасы Қарағанды көрерменін тәнті етті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 13 мамыр күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының «Сарыжайлау» кинозалында «Алдар. Махаббат туралы аңыз» көркем фильмінің салтанатты премьерасы мен шығармашылық топпен кездесу кеші жоғары деңгейде өтті.

Кеш барысында көрермендер фильмді тамашалап қана қоймай, кино туындысының авторлары және актерлік құрамымен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Қонақтар фильмнің түсірілу барысы, шығармашылық ізденістер мен жобаның ерекшеліктері туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті.

Шараға жиналған көрермендер фильмнен ерекше әсер алып, отандық киноға деген қолдауларын білдірді. Көпшілік шығармашылық топқа алғысын айтып, мұндай мазмұнды әрі сапалы қазақ фильмдерінің көбейе беруіне тілектестік танытты.

Отандық киноны бірге қолдайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-madeniet/press/news/details/1221022?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді