
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
Суға тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылу, белгіленбеген және ағысы қатты аумақтарға бармау қажет. Сонымен қатар балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударған жөн.
Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналар мен заңды өкілдердің басты жауапкершілігі. Балаларды су айдындарына жалғыз жібермеу, оларды үнемі ересектердің бақылауында ұстау және жүзуді үйрету маңызды. Тіпті су таяз болған жағдайда да балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені кез келген сәтте қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қарапайым сақтық шараларын сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі болып табылады. Су айдындарында демалу кезінде әр азамат қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-sarybie/press/news/details/1262683?lang=ru

Жауап қалдыру