
Ауыл тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл әкімі мен жергілікті учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындарға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде банк қызметкері, полиция қызметкері немесе басқа да мемлекеттік орган өкілі ретінде хабарласу, жалған сілтемелер жіберу, интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілер арқылы алдау, сондай-ақ жалған инвестициялық ұсыныстар жасау сияқты алаяқтық тәсілдері түсіндірілді. Тұрғындарға бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерін, банк картасының деректемелерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және құпия сөздерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қосымшаларды орнатпау және телефон арқылы айтылған нұсқауларды асығыс орындамау қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1280029?lang=ru

Жауап қалдыру