«Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдарлары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 21 тамыз күні «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдарлары» тақырыбындағы  Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтерге арналған секция жұмысы ұйымдастырылды.

  Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Т. Азимбаев қатысып, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары мен заманауи талаптары жөнінде өз пікірін білдірді.

  Тәрбие ісі жөніндегі әдіскер Э.С.Калиханова қатысушыларға Конституцияның жаңартылған нормалары мен құндылықтарының білім беру жүйесіндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндірме беріп, тәрбие жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру барысында нормативтік құжаттарды басшылыққа алудың маңыздылығына тоқталып, адами капиталды дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыру бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударды.

  Секциялық отырыс  барысында тәрбие жұмысы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін үйлестіру, құндылықтарға негізделген тәрбие моделі, сондай-ақ ведомствоаралық сүйемелдеу мәселелері бойынша өзекті баяндамалар тыңдалды.

  Қатысушылар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, «Конституция», «Еңбек адамы», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» құндылықтарын білім беру ұйымдарында тиімді енгізу тәжірибелерімен бөлісті.

  Отырыс барысында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасып, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді