ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА – 35 ЖЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Ордабасы ауданында жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты мерекелік шара өтті.
⚜️Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, әскери қызмет ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері, мемлекеттік мекеме өкілдері, мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары қатысты.
⚜️Салтанатты шарада жергілікті әскери басқару органдарының қалыптасу тарихы мен ел қорғанысын қамтамасыз етудегі маңызды рөлі айтылды. Сонымен қатар Отан алдындағы әскери міндетті орындаудың маңызы, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және жастар арасында әскери қызметті насихаттау мәселелеріне назар аударылды.
⚜️Аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз сала қызметкерлері мен ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, ел қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.
⚜️Мерекелік жиында жергілікті әскери басқару саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен бірқатар қызметкерлер мен сала дамуына үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
⚜️Шараның тәрбиелік мәнін арттырған бөлімдердің бірі – әскери қызмет ардагерлері мен жас ұрпақтың кездесуі болды. Ардагерлер өздерінің қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, мектеп оқушыларына Отанды қорғау, елге адал қызмет ету жөнінде тағылымды әңгімелерін жеткізді.
⚜️Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер мен музыкалық шығармалар орындалды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1290592?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді