Кадрлық тұрақтылық – тиімділіктің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  Кадрлық тұрақтылық – тиімділіктің кепілі

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде бастықтың орынбасары, полиция полковнигі Серік Манаповтың төрағалығымен кадр бөлімшелерінің I тоқсандағы жұмыстың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.

Кеңесте ваканттық лауазымдарды толықтыру, ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға түсіру, ардагерлер ұйымдарының қатысуымен идеологиялық және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру, ұжымдардағы тәртіп пен моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі қаралды.

Полиция полковнигі С.Манапов құқық қорғау жүйесінің тиімділігі тікелей кадрлық әлеуетке байланысты екенін атап өтті. Қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, Министрлік жеке құраммен жұмысты жетілдіру бойынша, соның ішінде идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бағытында іс-шаралар жоспарын бекітті.

Кеңес қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және ішкі бірлікті нығайтуға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылданды.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/984748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді