Автор: admin
-

Аудандық полиция бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудандық полиция бөлімінде орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті. Актив жиынында аудан әкімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Құдайберген Бектөре Қасқырбайұлы Арал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалғанын айтып, Бектөре Қасқырбайұлының жаңа қызметіне…
-

Жүйелі жобалар – ел игілігі үшін
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек ІІІ Интернационал және Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарларын атап өтті. ІІІ Интернационал ауылдық округінде салық түсімдері 104 пайызды құрап, жоспардан асыра орындалды. Ауыл толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі…
-

АПВ вакцинациясының маңыздылығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1250168?lang=ru
-

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясы
2026 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік аттестация өткізеді. Тексеру білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бағалауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтауға бағытталған. Осы кезеңде келесі білім беру ұйымдары аттестациядан өтеді: Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы»…
-

«Таза Қазақстан»: Атырауда өзен жағалауларында рейд өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері су көлігі арқылы өзен жағалауларындағы демалыс ұйымдастырылатын орындарға рейдтік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, табиғатты ластамау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру,…
-

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі
Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы Василий Мазурды алғаш көрген жан оның қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейтініне таңырқай қарайды. Ұлты белорус болғанымен, ол қазақ тілін ана тіліндей меңгерген. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы дүниеге келген қасиетті Жуалы өңірінің тумасы Василий ауылдағы қазақ мектебінде білім алған. Қазақы ортада ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ол…
-

«Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары туралы хабарлайды:
«Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ: АТК қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бас маман, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы, бас инспекторы «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ: кәсіпкерлік секторының бас маман, бас маман «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ: бөлім басшысы «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: бас…
-

МАДИНА – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында жерлесіміз Ержан Мадина барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Дүбірлі додаға 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты. 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мадина жоғары шеберлігі мен ұтымды тактикасының арқасында барлық белдесуін сәтті өткізіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша ол самбодан…
-

Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті
2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті. «БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты…
-

Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1250158?lang=ru
-

Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%). Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы…
-

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, комплаенс қызметтердің қызметі, сондай-ақ өңірдің өрт қауіпті кезеңге дайындығы мәселелері қаралды. Өңір басшысы мемлекеттік органдар…
-

Кәсіби жолдың бастауы: Академияда болашақ прокурорларға диплом табысталды
2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарында қызмет атқаруға арналған алғашқы кәсіптік даярлық бағдарламасын аяқтаған тыңдаушылардың кезекті шығарылымы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жұмағали Асхат қатысты. Ол түлектерді құттықтай отырып, жас прокурорлардың алдағы міндеті – «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап…
-

Жамбыл облысының прокуратурасы инвесторды заңсыз тексеруден және 1,5 млн теңге көлеміндегі айыппұлдан қорғады
Жамбыл облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвестордың қызметіне жүргізілген тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтады. Уәкілетті органның прокуратурамен келіспей, «KorCem» ЖШС-нің көші-қон заңнамасының сақталуы мәніне қатысты қызметіне тексеру жүргізгені анықталды. Айта кету керек, «прокурорлық сүзгі» шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері инвесторларға қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты барлық шешімдерді, оның…
-

Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков…
