Автор: admin
-

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2025 жылы атқарылған шаралар және алда тұрған міндеттер» тақырыбындағы кездесу
2026 жылғы 20 мамырда департамент басшысының орынбасары А. Муканова «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2025 жылы атқарылған шаралар және алда тұрған міндеттер» тақырыбындағы кездесуге қатысты. Аталған іс-шара Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан ұйымдастырылып, оған облыс аумағындағы қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты –…
-

«Халық әуені» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының концерттік бағдарламасы
«Халық әуені» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ағымдағы жылдың 21 мамыры күні сағат 17:00 де концерттік бағдарламасы өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1224780?lang=ru
-

Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті ХLV сессиясы өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/press/news/details/1223623?lang=ru
-

Таза Қазақстан экологиялық бағдарламасы аясында Бүгін Булаев қаласында 5 жылдық сібір қарағайының 112 көшеті отырғызылды. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен барлық ниет білдірушілер қатысты. Мұндай шаралар елді мекенді көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы тұрғындар үшін жайлы етуге ықпал етеді. Тұрғындарды отырғызылған ағаштарға ұқыпты қарап, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-zhkh/press/news/details/1224709?lang=ru
-

Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі
Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде аппарат қызметкерлерін қабылдау кестесі р/с Жеке қабылдауды жүргізетін адамның (тегі,аты, әкесінің аты) Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы Жеке қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері Байланыс телефоны 1 Тоғызбаев Мардан Марсбекұлы Мақпалкөл ауылдық округі әкімі Сәрсенбі, Жұма сағат 9…
-

АРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес және Дарбаза ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты талапқа сай әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда аталған нысандардың қазаншұңқырын құю және кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде құрылыс алаңдарында сыртқы қасбеттерді…
-

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 15 мамырда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС «ГП Атырау бөлімшесі» филиалы қызметкерлеріне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының таралу қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында…
-

19 жастағы астаналықтан 90 грамм мефедрон тәркіленді — СҚО полицейлері
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлға есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. 7 мамыр күні Парковая көшесінде Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді. Ұстау барысында жас жігіттен ішінде сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заты бар 88 орама тәркіленді. Сараптама нәтижесі олардың жалпы салмағы 90 грамм болатын мефедрон психотроптық заты екенін…
-

Уақытша жол жабылады
Әл-Фараби көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Әл-Фараби көшесі (Ниетқалиев көшесі мен Рахимов көшесінің аралығы) 21 мамырдан бастап 3 аптаға толық жабылады. Барлық көлік қозғалысына тыйым салынады. Жол жабылуына байланысты қала тұрғындарынан жол жүру бағыттарын алдын ала айқындап алуды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1224556?lang=ru
-

Алматы қаласы аумағында кенеге қарсы өңдеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы брифинг өтті
Ағымдағы жылдың 19 мамырында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында Алматы қаласы аумағында кенеге қарсы өңдеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы брифинг ұйымдастырылды. Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова, инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова қатысып, қала аумағында кенелерге…
-

Уақытша комиссия отырысы өтті.
2026 жылы 20 мамыр күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ф.Құсайынов, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен уақытша комиссия отырысы өтті. Отырыста жайылымдық жерлерді тиімді басқару және жер комиссиясының жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Жиын қорытындысы бойынша тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар…
-

Мемлекет басшысының қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумның ашылуы өтті
Мемлекет басшысының қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумның ашылуы өтті Бүгін, 19 мамыр күні, Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті. 19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық…
-

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды 19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға әлемнің 23 елінен 300-ден астам жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысты. Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушылар Алтын Орда мұрасын зерттеу…
-

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді. Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді. Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты…
-

Қызмет алушылар күні іс шарасы өтті
2026 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға Жетісай ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы, Жетісай аудандық Мансап орталығы және аудандық Кәсіпкерлік бөлімі мамандары қатысып, тұрғындардың өз салалары бойынша…
