Автор: admin
-

Таза әрі қауіпсіз елді мекен — ортақ жауапкершілік!
Абаттандыру ережелерін сақтау — әрқайсымыздың жайлы ортада өмір сүруіміздің кепілі. Көшелердің тазалығы, инфрақұрылымның бүтіндігі мен ғимараттардың көріктілігі тікелей күнделікті әрекеттерге байланысты. Өкінішке орай, заңбұзушылықтар елді мекендердің сәнін кетіріп қана қоймай, қауіпсіздікке де нұқсан келтіреді. Соның ішінде ғимараттар мен қоршауларға заңсыз жазулар (соның ішінде наркограффити) салу — әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын елеулі құқықбұзушылық. Бұзушылықтарды…
-

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша халықпен және кәсіпкерлік өкілдерімен кездесу өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қызылорда теміржол вокзалында халықпен және кәсіпкерлік өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі және 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа…
-

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Ақбергенұлы Шілманов кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы мәселелері талқыланды.…
-

Үкіметтік комиссия өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Избергеновтің мәлімдемесі
Құрметті қазақстандықтар! Бүгін сағат 09:15-те үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, оқиға болған аумақтағы іздестіру жұмыстары толық аяқталды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туысы мен жақындарына, сондай-ақ қаруластарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетілуде.…
-

Единый день отчета перед бизнес-сообществом
В рамках проведения «Единого дня отчета перед бизнес-сообществом» состоялось мероприятие с участием представителей государственных органов и субъектов предпринимательства. В ходе встречи предприниматели получили возможность задать интересующие вопросы, обсудить актуальные вопросы взаимодействия бизнеса и государственных органов, а также получить разъяснения по направлениям деятельности государственных органов. Мероприятие прошло в формате открытого диалога, направленного на укрепление взаимодействия между…
-

Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар. Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар…
-

Аудандық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз!
Талқылау шеңберінде веб-порталда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың “Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-4 “Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2026-2028 жылдарға арналған Дружба ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешімінің жобасы орналастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1298934?lang=ru
-

Мемлекет басшысының өкімі
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1298935?lang=ru
-

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
2026 жылғы 25 қыркуйекте сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияда депутаттар 2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау және Жітіқара ауданының жер комиссиясының құрамындағы өзгерістер мәселелерін қарады. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1298936?lang=ru
-

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихаты Кеген ауданының 1 округтік және 12 учаскеліксайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды. Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың…
-

Ақтөбенің туристік әлеуеті жаңа форматта таныстырылды
Ақтөбеде Дүниежүзілік туризм күніне орай туризм саласының өкілдері бас қосқан іс-шара өтті. Биылғы мерекелік жиында өңірдің туристік мүмкіндіктері цифрлық технологиялар, интерактивті алаңдар және жергілікті туристік өнімдер арқылы таныстырылды. 📌 Шараға туризм саласының мамандары, кәсіпкерлер, туристік нысандар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ішкі туризмді дамытуға атсалысып жүрген азаматтар қатысты. 🔹 Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов сала…
-

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1298939?lang=ru
-

24 қыркүйек күні «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
24 қыркүйек күні «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов қатысты. Семинар барысында мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер, озық тәжірибелер мен инновациялық бағыттар талқыланды. Сондай-ақ «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты көркемсөз оқу шеберлері мен өнерпаздардың қатысуымен мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды. Қатысушылар Абай…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Болат жол» ЖШС №2 асханасының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының нормаларын түсіндіру және «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз…
-

«Таза Қазақстан»: Бірлік ауылдық округінде күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді
12-15 қыркүйек аралығында Бірлік ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында әкімдік аумағында, орталық аллеяда және қоғамдық орындарда күзгі сарғайған жапырақтар, шөп пен қоқыс жиналып, ағаш бұтақтары кесілді және жиналған қалдықтар шығарылды. Аталған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтау, қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту және округ тұрғындары…
