Автор: admin
-

Еңбек күні қарсаңындағы кездесу!
2026 жылғы 22 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Еңбек күні қарсаңында, «Темірбетон» ЖШС директоры А.Ергалиев, «Метакон» ЖШС директоры Д.Шишов бастаған зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті департаментінің бөлім басшысы Ч.Абишев, бас маманы А.Айдос және Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова, Департаменттің зейнетақы…
-

Милютин ауылы әкімінің халықпен есептік кездесуін өткізу туралы
Құрметті Милютин ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 9 қыркүйекте сағат 15:00-де Мәдениет үйі ғимаратында ауыл әкімі Қ. Н.Шнарбаевтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-milyutin/press/news/details/1297177?lang=ru
-

Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары: қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
Ақтөбеде өтіп жатқан Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары аясындағы қазақ күресінен жарыстар өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған бәсекеде жас балуандар ұлдар және қыздар арасында 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, бозкілемде тартысты белдесулер өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ жалпыкомандалық есептің үздік үштігі анықталды. Жалпыкомандалық есеп: I орын –…
-

Цифрлық мемлекет үшін ЖИ-офицерлер: AI Governance 500 бағдарламасының екінші легі басталды
Астанада мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект технологияларын кеңейтуге саяси басшыларды дайындауға бағытталған стратегиялық AI Governance 500 бағдарламасының екінші легінің оқуы басталды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында іске асырылады. Оқуды…
-

Қорғалжын ауданының прокуратурасы 9-11 сынып оқушылары және педагогтармен кездесу өткізді
Аудан прокуратурасымен Арықты ауылының жалпы орта беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Прокурора сағаты» аясында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң нормаларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Іс шараға полиция бөлімі өкілдері, психологтар, ұстаздар қатысты. Кездесу барысында буллингке және кибербулингке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың өз өзіне қол жұмсамау профилактикасы, жол қозғалысы ережелерін сақтау,…
-

Біржан сал ауданында «Тәртіппек» және «Тазабек» акциясы өтті
Біржан сал ауданының прокуратурасы Үлгі ауылының негізгі орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Тәртіппек» және «Тазабек» профилактикалық акциясын өткізді. Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтаудың маңыздылығы, мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары, сондай-ақ өзара сыйластық пен өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді. Алған білімдерін бекіту мақсатында танымдық викториналар мен ойындар өткізілді. Оқушылар…
-

Милютин ауылының тұрғындарымен есеп беру кездесуі
Милютин ауылының тұрғындарымен есеп беру кездесуі 2026 жылғы 9 қыркүйекте Милютин ауылында Милютин ауылының әкімінің халықпен есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында қызығушылық танытқан сұрақтар көтеріліп, оларға түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-milyutin/press/news/details/1297215?lang=ru
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН
Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Алдағы жылу маусымына облыстағы 1265 білім беру, 737 денсаулық сақтау, 239 мәдениет, 74 спорт, 9 жұмыспен қамту нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй дайындалуда. Қазіргі таңда облыстағы 2332 нысанның 1871-і немесе 80 пайызы жылыту маусымына дайындықтың әзірлік паспортын алды. Бұл туралы облыс әкімі…
-

Қызылорда облысының шаруаларына 2026 жылғы суару маусымында 3,29 млрд текше метр су берілді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев пен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әлібекова өңірдегі вегетация кезеңінің қорытындылары туралы баяндады. Суару маусымына дайындық аясында филиал мамандары жалпы ұзындығы 71,5 шақырым болатын 15 каналды механикалық тәсілмен тазалады. Жұмыс барысында 774,2 мың текше метр топырақ шығарылды. Сонымен қатар инвестициялық бағдарлама…
-

ШЫМКЕНТТІК ЗОЯ ПИСКУН – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Шымкент қаласының спортшысы Зоя Пискун стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді. «Скит» жаттығуындағы командалық бәсекеде Зоя Пискун (Шымкент қаласы) Әсем Орынбай (Алматы облысы) және Адель Садақбаевамен (Астана қаласы) бірге ел намысын қорғап, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 274 ұпай жинады. Осылайша Қазақстан құрамасы II орынға тұрақтап, Азия ойындарының күміс…
-

Алға ауданында 22 мың тоннадан астам астық жиналды
Алға ауданында 2026 жылғы егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде диқандар 13,8 мың гектардан астам дәнді дақылды жинап, 22 397,6 тонна астық бастырды. Биыл ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары 73 976,7 гектар алқапқа егілді. Оның ішінде 18 013 гектарды дәнді дақылдар, 5 695 гектарды майлы дақылдар, 49 573 гектарды мал азығы дақылдары құрайды. Сонымен…
-

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
2026 жылғы 23 қыркүйекте «Мансап» орталығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шара барысында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Аскарбекова Ақмарал Зиятқызы азаматтарды қабылдап, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша кеңес берді. Кездесу барысында азаматтардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріліп, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзекті…
-

ШҚО-да «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде заң бұзушылықтар анықталды
Марқакөл ауданының прокуратурасы «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларын алған жекелеген тұлғалардың жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге шарттық міндеттемелерді орындамаған фактілері анықталды. Мәселен, 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен (2024 жылға дейін Марқакөл ауданы Күршім ауданының құрамында болған) медициналық колледжді аяқтағаннан кейін аудандық…
-

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Құрметті тұрғындар! 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Байдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында, хайуанаттар бағы аумағында автомобиль жолын кеңейтуге және жолайрық салуға байланысты газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады. Газбен жабдықтау төмендегі мекенжайларда уақытша тоқтатылады: Тараз шағынауданы: Парасат, Таңшолпан, Өркениет, Жетісу, Шаңырақ, Айшабибі, Мырзаходжаева, Байтерекова көшелері. Солтүстік-Батыс және Шапағат-2 шағынаудандары: Кербұлақ, Үшөзен, Ақшатау, Ақшоқы,…
-

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы…
