Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Қарттар күнін мерекелеуге Ақмола облысының барлық өңірінен ардагерлер бас қосты
Көкшетауда Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларынан аға буын өкілдерін біріктірген кездесу өтті. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара ардагерлерді мерекемен құттықтап қана қоймай, олардың ел дамуына қосқан көпжылдық еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне алғыс білдіруге мүмкіндік берді. Қонақтарға арнайы бағдарлама әзірленді. Олар «Жағалау» жағалауындағы серуенге қатысып, Kokshe Arena спорт кешені мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына…
-

Қызметке сақадай сай: Ұлытау полицейлері дайындықтарын пысықтауда
Ұлытау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша жылдық бақылау нормативтерін тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Сынақ барысында қызметкерлердің күш-қуаты, жылдамдығы, төзімділігі және жалпы дене дайындығы бағаланады. Бақылау нормативтері полицейлердің физикалық мүмкіндіктерін саралап, дайындықты жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Полиция қызметі жедел әрекет етуді, шапшаңдық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан дене дайындығын…
-

Асланбек Шүйіншәлиев Қарттар күніне орай еңбек ардагерлерін құттықтады
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев ауданның өңірлік экономикалық, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар еңбек ардагерлерін арнайы барып құттықтады. Аға буын – ел тарихының куәсі, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмір мектебі. Олардың өнегелі өмір жолы мен адал еңбегі – бүгінгі буын үшін әрдайым биік…
-

Қостанай облысының прокуратурасы «Табиғатқа мүмкіндік бер» акциясына қосылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Қостанай облысының прокуратурасы Ұлытау облысындағы әріптестерінің «Табиғатқа мүмкіндік бер» акциясын қолдады. Оның мақсаты – қалаларды көгалдандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу. Қостанайдағы Триатлон паркінде қатысушылар 50-ге жуық алма көшетін отырғызып, сонша өрік сүйегін екті. Акцияға құқық қорғау, арнаулы және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы, сондай-ақ студенттер мен еріктілер қатысты.…
-

ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛ ТІРЕГІ
ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛ ТІРЕГІ «ЕҢБЕК КҮНІ» аясында 02.10.2026 жылы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Еңбек адамы-ел тірегі» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңеске, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай қатысып еңбек заңнамаларына түсіндірмелер берді. Семинар-кеңес барысы пікір алмасу мен сұрақ жауапқа ұласып жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы…
-

«КЕЛ, ДОСЫМ, ШАРДАРАҒА!» — ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
2026 жылғы 29 қыркүйекте Шардара қаласындағы Абай атындағы мәдениет сарайында танымал композитор әрі орындаушы Ахмет Молдағұловтың өнердегі 40 жасқа толуына орай, «Кел, досым, Шардараға!» атты шығармашылық ән кеші өтті. Мазмұнды мәдени шараның негізгі мақсаты – Ахмет Молдағұловтың қырық жылдық шығармашылық жолын кеңінен насихаттап, оның қазақ музыкасы мен ән өнеріне қосқан үлесін дәріптеу, өнер иесіне деген…
-

Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» ЖШС арасындағы қуаты 1000 МВт болатын жел электр стансасын және қуаты 300 МВт электр энергиясын жинақтау жүйесін салу бойынша Келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.…
-

Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Қаралатын сұрақтар: 1. Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары туралы. 2. Жезқазған қаласының автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу барысында анықталған мүдделер қақтығысы тәуекелі туралы. 3. Қаражал…
-

АМАНОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
🏆 АМАНОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ 2026 жылғы 1 қазанда Семей қаласында білім мен білікті, ізденіс пен талапты тоғыстырған математика пәнінен Т. Аманов атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Алғожина Еркежан жүлделі ІІІ орын иеленді! 🥉 ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН Алғожина Еркежан — 10-сынып…
-

⚡️⚡️⚡️ Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды.
ДЗМҰ-ның 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады.Бір жыл ішінде Қазақстан бірден 8 сатыға көтерілді. ДЗМҰ еліміздің ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде атап өтті.Қазақстанның рейтингтегі позициясының нығаюы инновациялық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүруде. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық…
-

Педагогикалық әдеп нормалары туралы
Қостанай облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті педагогтардың назарын педагогикалық әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына аударады. Педагогикалық әдеп – білім беру ұйымдары педагогтарының басшылыққа алатын педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік құқық бұзушылық болып табылады және…
-

Энергомин AI & Digital Bridge 2026 алаңында энергетикадағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Астана, 2026 жылғы 2 қазан. Энергетика министрлігі AI & Digital Bridge 2026 аясында энергетика саласын цифрлық трансформациялауға, оның тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған технологиялық шешімдер кешенін таныстырды. Бірыңғай технологиялық тұжырымдама аясында өзара байланысты төрт бағыт біріктірілген: жасанды интеллектіні қолдана отырып энергетикалық нысанды жобалау, нақты уақыт режимінде басқару, деректерді беру арналарын кванттық қорғау және аса маңызды…
-

ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеу мүмкіндіктері кеңейтілді
ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеу мүмкіндіктері кеңейтілді Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылаудың тиімді құралдарының бірі – құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу кешендері. Камералар көлік жылдамдығын белгіленген шектен асыруды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетуді, жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын бұзуды, тоқтау және…
-

“УроМед” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (“УроМед” ЖШС “Белоснежка” бала бақшасы) мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы
2026 жылдың 24-25 қыркүйегі аралығында «УроМед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («УроМед» ЖШС «Белоснежка» бала бақшасы) қатысты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкессіздіктердің жойылуына бағалау өткізілді. Аттестаттау комиссиясының шешімімен «УроМед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («УроМед» ЖШС «Белоснежка» бала бақшасы) білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен…
-

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өтті
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өтті 2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өткізілді. Іс-шара Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, оған Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау…
