Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесінің суармалы жерлерді мониторингтеу жөніндегі Алматы бөлімшесінде маман болып бастаған. 2012–2014 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және…
-

Қазақстан Халық Кеңесі құрамына енген қарағандылықтарды құттықтаймыз!
Қарағанды облысының өкілдерін еліміздегі қоғамдық келісім, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етуге арналған қоғамдық институт – Қазақстан Халық Кеңесі құрамына енуімен құттықтаймыз. Кеңес құрамына Қарағанды облысының жеті өкілі кірді: Бекзат Алтынбеков, Гаухар Акижанова, Увайс Джанаев, Әйгерім Исбекова,Александр Куприенко, Виталий Тварионас, Виталий Хмелевский. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелеріне табысты жұмыс, жаңа жетістіктер, сындарлы диалог және Қарағанды…
-

Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі
1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады. Егер адамға лайықты…
-

Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастарына қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды. Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін…
-

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып бекітілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызыметті көрсету қағидалары бекітілді. Осы мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет»веб-порталы арқылы көрсету бойынша уәкілетті мемлекеттік орган болып «Павлодар облысының…
-

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 38 млрд.теңгеге жобалар жүзеге асуда. Одан бөлек, түнгі жарықтандыру үшін 42 көшеге жоба…
-

Қазақстан мен Ұлыбритания экология және климат саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. С. Қуантыров Біріккен Корольдіктің Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, Біріккен Корольдіктің Әзірбайжан және Орталық Азия бойынша сауда өкілі Лорд Джон Томас Алдердайспен кездесу өткізді. Тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Климаттың өзгеруіне бейімделуге, су ресурстарын басқаруға, ауыл шаруашылығының тұрақтылығына…
-

«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?
2026 жылғы қыркүйектің 16-сы күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды. Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша…
-

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті. Оған Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары,ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, эко белсенділер, жастар ұйымдары…
-

Жол жүрмей-ақ, бірыңғай талаппен: Қазақстанда онлайн тестілеу қалай өтеді?
Қазақстанда көші-қон саласындағы бағалау тәсілдерін жетілдіру үшін тестілеудің заманауи цифрлық форматы енгізіліп жатыр. Бұл қатысушыларға тестілеуден қашықтан өтуге, уақытты үнемдеуге және процедураны ыңғайлы әрі ашық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Онлайн тестілеудің бір бөлігі – прокторинг. Бұл – тест тапсырып отырған адамның жеке басын растауға және тестілеу кезінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға арналған техникалық және ұйымдастырушылық шаралар.…
-

Қазақстан мен Ұлыбритания энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Астанада Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаровтың Ұлыбритания Премьер-министрінің Орталық Азия бойынша сауда өкілі Томас Алдердайспен кездесуі өтті. Тараптар энергетика саласындағы Қазақстан-Британ ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын, оның ішінде британдық бизнеспен өзара іс-қимылды кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Жаңартылатын энергия көздері, оның ішінде гидроэнергетика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ жасыл сутегі және таза…
-

Республикалық кітап оқу марафонына қатыс!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1296110?lang=kk
-

Полиция жолдардағы дрифтті тоқтатуда: жыл басынан бері 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан астам фактісі анықталды. Атап айтқанда, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 5 мыңнан астам фактісінің жолы кесілді,…
-

Күнделікті қызметтен тыс бір күн
Күнделікті қызметтен тыс бір күн Кейде ұжымның бірлігін арттыру үшін қызметтік кабинеттерден, телефондардан және әдеттегі жұмыс ырғағынан тыс бірге уақыт өткізу жеткілікті. ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының, көші-қон қызметінің және қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қала сыртына шығып, бірлескен тимбилдинг өткізді. Кездесуді қызметтерге жетекшілік ететін ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков ұйымдастырды. Жиналыстар мен…
-

Қамысқала ауылдық округінде «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Қамысқала ауылдық округінде Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді. Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің, жарқын үлгісіне айналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды. Акция…
