Санат: Алматы
-

Облыстық мәслихат депутаттары әлеуметтік сала бюджетінің атқарылуын және спорт инфрақұрылымының дамуын талқылады
Кадиша Оспанованың төрағалығымен өткен Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы, Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру, сондай-ақ өңірдегі спорт саласын дамыту перспективалары мәселелерін қарады. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Елнар Уахитов баяндама…
-

ІІМ “көңіл көтеретін газдың” заңсыз таралу жолдарын жабуда
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда. – Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мұндай заттардың тізбесіне жастар арасында “көңіл көтеретін газ” ретінде белгілі азот оксиді де енгізілген. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті тыйым салынған заттарды тарату фактілерін…
-

ҚЫТАЙ САПАРЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ресми және іскерлік делегация Түркістанмен бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының орталығы – Ухань қаласында Қытайдың 50-ден астам жетекші компанияларының басшыларымен маңызды келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен…
-

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру: облыс прокуратурасы «Zhas Zanger» дебат турнирін өткізді
Атырау облысының прокуратурасы мектеп оқушылары арасында «Zhas Zanger» қалалық дебат турнирін ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа олардың құқықтары мен міндеттерін қарапайым тілмен түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғамның заңды мүдделерін қорғауға үйрету. Жастар құқық бұзушылықтардың салдарын түсініп, өздерінің азаматтық жауапкершілігін сезінген кезде қоғам қауіпсіз әрі тұрақты бола түседі. Турнир барысында жас…
-

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға республиканың барлық аудан-қалаларынан келген жас спортшылар, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт жанашырлары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын…
-

Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары»
Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары» 2026 жылы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР ҰКП «Атамекеннің» Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастырады. Байқау отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сапасын арттыруға және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетуге…
-

Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның Балаларды қорғау күніне арналған іс-шараға қатысуы
Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған іс-шаралар аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік Рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Аяулым Дарханбек өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдер мен балаларға арнап ойын орталығына баруды ұйымдастырды. Балалар үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды: олар ойнауға, жарқын жағымды эмоциялар алуға және жақсы көңіл-күйге кенелуге мүмкіндік алды. Іс-шара қуаныш, қамқорлық…
-

Алтай қаласында 7 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық субөңіраралық ынтымақтастық конференциясы аясында 20-ға жуық шет елдік инвестормен B2B форматында кездесу өтті. Кездесуге аймақ басшысы Берік Уәлидің атынан облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков және тиісті басқармалардың жетекшілері қатысты. Жиын барысында инвесторлар…
-

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыс жүргізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен бұл бағытта нақты шараларды жүзеге асырды. Жаңа тәсілдерді түсіндіру мақсатында жергілікті…
-

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды
Қазақстан Республикасының Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Стратегия алдағы жылдарға арналған елдің технологиялық дамуының басты құжатына айналады және жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындайды. Стратегиялық құжат елдің технологиялық ұлт құру жолын белгілеп, нақты…
-

Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты
Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия Мақтаарал ауданындағы стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарымен танысуға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, Н.Әжіметов, Ж.Қанаев, Б.Серманизов, Д.Егамбердиева, Е.Ералиев, Ж.Құрақбаев қатысты. Іссапар барысында депутаттар теміржол желісінің құрылыс алаңдарын…
-

Құпия код сөз, Passkeys және қауіпсіздік кілті: алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек
Елордада интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Желіде кең таралған алаяқтық схемалары мен олардан сақтану жолдары туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Азат Тастанов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Спикердің айтуынша, интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін АНТИФРОД жүйесі енгізілді.…
-

Уақытша депутаттық комиссия «Сарыағаш айналма жолы» құрылысының барысымен танысты
Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия жұмыс сапарын Сарыағаш ауданында жалғастырды. Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, А.Салимов, Б.Басымбек, У.Рахиев, Н.Әжіметов, Ж.Қанаев, Б.Серманизов, Д.Егамбердиева, Е.Ералиев, Ж.Құрақбаев «Сарыағаш айналма жолы» құрылысынан Көктерек елді мекеніне және Сарыағаш қаласына шығатын транспорттық қиылыс құрылыс жұмыстарымен танысты.…
-

Депутаттар Мақтаарал және Сарыағаш аудандарындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша қорытынды жиын өткізді
Уақытша депутаттық комиссия Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданында жиын өткізді. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, А.Салимов, У.Рахиев, Ж.Қанаев, Д.Егамбердиева, Ж.Құрақбаев, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев, Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасы Р.Асылбекұлы, аудан әкімі орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары,…
-

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы су ұңғымаларына қатысты мәселелер талқыланды
Сарыағаш ауданында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жолданған өтініште көрсетілген өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары А.Умбеталиев, А.Салимов, Ж.Сүлейменов, У.Рахиев, Д.Егамбердиева, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Р.Асылбекұлы, аудандық полиция басқармасының бастығы Д.Нұсқабеков, облыстық салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары және жауапты мамандары,…
