Санат: Қазақстан
-

“Технопром-2026” халықаралық форумына қатысу.
Павлодар облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Талғат Әнуарбекұлы Дугалов 2026 жылғы 26-28 тамыз аралығында Новосібір қаласында өткен “Технопром–2026“ халықаралық Технологиялық даму форумына қатысты. Форум аясында 40-тан астам ел әкімдері мен өкілдерінің қатысуымен өткен пленарлық отырысқа қатысып, заманауи технологиялық шешімдер, инновациялық әзірлемелер мен перспективалық жобалар ұсынылған көрме экспозициясымен танысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-upt/press/news/details/1283261?lang=ru
-

Дөңгелек үстел
2026 жылғы 6 тамызда Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сот төрағасы М.К. Мұсабаев, судьялар, Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Гүлстан Темірова, сот аппаратының басшысы М. Нетметжанова, Павлодар облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Аслана Байзақова, бас маман Ғазиз Жұматов, өңірлік жеке сот орындаушылары…
-

Құқықтық түсіндіру іс-шарасы
2026 жылдың 12-тамызы күні, Павлодар қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Павлодар қаласының Мансап орталығы» ғимаратында азаматтарға құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында азаматтарға сот актілерін орындау мәселелері, атқарушылық іс жүргізу тәртібі, сондай-ақ мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың негіздері мен…
-

Құқықтық түсіндіру іс-шарасы
Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелеріне Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты этномәдени бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнаманың нормалары мен талаптарын түсіндіру мақсатында құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1283265?lang=ru
-

ТҮРКІСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, жергілікті бюджет кірістерін арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті күшейту және рейтингтік индикаторлардың орындалу барысы қаралды. Жиында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мен экономика және қаржы бөлімінің баяндамалары тыңдалып, бюджет кірістерін ұлғайту және негізгі көрсеткіштерді жыл соңына дейін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Жеті айдың…
-

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов инвесторлармен бірқатар кездесу өткізіп, тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі ірі жобаларды талқылады.
MİRYILDIZ KZ LTD инвестициялық компаниясының басшылығымен өткен кездесуде Баянауыл ауданындағы мыс кен орнында тау-кен байыту кешенін салу жобасын іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Түркиялық қатысуы бар компания өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, жер қойнауын пайдалануға берілген учаскелер бойынша лицензияларға ие. Mercuria – Wanji Holding Group халықаралық консорциумының өкілдерімен Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта қуаты 1 ГВт…
-

Қазақстандағы алғашқы әкімшілік рақымшылық туралы
Жалпы ақпарат 2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Ұсынылып отырған заң жобасы Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды әкімшілік рақымшылықты енгізеді және 2026 жылы жаңа Конституцияның қабылдануымен, сондай-ақ елдегі саяси және институционалдық реформалардың неғұрлым кең бағдарламасымен…
-

Астанада Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті
Астана, 2026 жылғы 31 тамыз – Астанада Қазақстан мен Оманның сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың екінші раунды өтті. Консультациялар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев пен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Халифа Әл-Харисидің төрағалығымен өтті. Тараптар Қазақстан-Оман қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, өзара сенімге негізделген саяси диалогты одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін растады.…
-

29 тамызда Қазақстан аймақтарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті
Акцияның негізгі мақсаты жағалау аймақтары мен су айдындарын тазалау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту туралы қоғамның хабардарлығын арттыру болды. Іс-шараларға шамамен 36 мың адам қатысты, оның ішінде үкімет өкілдері, студенттер, еріктілер және аймақтардың мүдделі тұрғындары. Акция аясында өзен мен су айдындарының жағалауларын кең көлемде тазалау жүргізілді. Қатысушылар 1,5 мың тонна қалдық жинап,…
-

Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты
29-30 тамызда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды. Көпшілікке кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, заманауи дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыра, сондай-ақ киізден, ағаштан және қыштан жасалған бұйымдар, сәндік паннолар, жібек орамалдар, тақиялар, көрпешелер мен…
-

Ғасырға жуық тарихы бар Түрксіб станциясының вокзалы жаңартылды
Жамбыл облысында 1927 жылы салынған Түрксіб станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қайта жаңарту аясында жалпы ауданы 1 301 шаршы метрді құрайтын қолданыстағы екі қабатты ғимаратқа кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерін жаңарту шаралары жүргізілді.…
-

ХҚКО-да апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру дәрісі өткізілді
Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) азаматтарға апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру дәрісін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың апостиль қою рәсімі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметті алу тәртібі жөніндегі ақпараттан хабардарлығын қамтамасыз ету. Дәріс барысында азаматтарға апостиль қоюдың тәртібі мен талаптары, қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік қызметті алу жолдары,…
-

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізілді
Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Департамент басшысының орынбасары К.Базарбаев төрағалық етті. Кеңес барысында азаматтарға көрсетілетін заң көмегінің сапасы мен қолжетімділігі, сондай-ақ осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, заң көмегін…
-

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді
Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормалары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.Іс-шараны Әдеп жөніндегі уәкіл К.Базарбаев өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерін адал, сапалы және жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынас жасау…
-

Заманауи әрі жайлы: Исатай станциясындағы вокзалды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Атырау облысында Исатай станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған вокзал заманауи, жайлы әрі ыңғайлы бола түсті. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Исатай станциясының теміржол вокзалы 1970 жылы салынған. Жоба аясында бір қабатты ғимаратқа кешенді реконструкция жүргізілді. Нәтижесінде вокзалдың жалпы алаңы 129,3 шаршы метрден 214,65 шаршы…
