Санат: Қазақстан
-

ҮЕҰ кездесу
Бүгін, ағымдағы жылғы 28 тамызда, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ғимаратында «Мир нашими глазами» көру бойынша мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ, «Қостанай облысы әкімдігінің…
-

Баладағы мүгедектік: ата-аналар нені білуі маңызды?
Балаға мүгедектік белгілеу – отбасыға қажетті мемлекеттік қолдау шараларын, әлеуметтік қызметтерді және оңалту құралдарын алуға мүмкіндік беретін маңызды кезең.Ата-аналар мүгедектіктің тек анықтама мен әлеуметтік жәрдемақы ғана емес екенін білуі қажет. Баланың жеке қажеттіліктеріне қарай медициналық және әлеуметтік оңалтудың түрлі шаралары қарастырылуы мүмкін. Балаға мүгедектік қалай белгіленеді?Организм функцияларының тұрақты бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі болған жағдайда, қажетті…
-

Ел аманатына адал болу – парыз: Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясында не айтты
Құрметті Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері! Қадірлі қауым! Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл — мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң…
-

Әуезов ауданында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды
Әуезов ауданында 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша жалпы білім беретін мектептер мен колледж директорларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтар мен буллингтің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету және тәрбие жұмысын күшейту мәселелері қаралды. Жиынға білім беру саласының өкілдерімен қатар прокуратура, полиция, ювеналды…
-

Ақмола облысында алғаш рет мектеп базасында мамандандырылған күрес залы ашылды
Ақмола облысында алғаш рет жалпы білім беретін мектеп базасында мамандандырылған күрес залы ашылды. Көкшетау қаласындағы Техникалық лицейде жаңа спорт залының ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Еркін Оқасов қатысты. Енді лицей оқушылары мектеп қабырғасында заманауи талаптарға сай жабдықталған залда күреспен кәсіби деңгейде айналыса…
-

«Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру»
2026 жылғы 28 тамызда педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру» тақырыбында секциялық отырыс өтті.Секциялық отырыстың мақсаты-Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары негізінде 2026-2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін, адамгершілік құндылықтарын…
-

Соңғы шекаралық белгінің орнатылуы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекараларын белгілеуді аяқтайды
2026 жылғы 28 тамызда бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жергілікті жерде шекараларын белгілеуді аяқтайтын соңғы шекаралық белгі орнатылды. Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Сергазин, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары…
-

Қазақстан мен Германия жаңа бірлескен инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға ниетті
27 тамызда Берлинде екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей диалогты дамыту және бірлескен инвестициялық әрі өнеркәсіптік жобаларды ілгерілетуге арналған негізгі алаңдардың бірі – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің (ҚГІК) 17-отырысы өтті. Отырысқа Қазақстанның салалық министрліктерінің, ұлттық компанияларының және отандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Герман тарапынан Siemens Energy, CLAAS KGaA, WILO, KNAUF, HMS Bergbau, Koch Solutions,…
-

Өскемендегі Согра ЖЭО-да жабдықтарды жөндеу жұмыстары 81,3 пайызға орындалды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Согра жылу электр орталығына барып, оның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Биылғы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта Согра ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының 81,3 пайызы орындалған. Негізгі жабдықтарды жөндеу бойынша бірқатар жұмыстар толық аяқталды. Атап айтқанда, №1 және №2 қазандық агрегаттарына орташа жөндеу, №1 турбоагрегатына күрделі жөндеу,…
-

Оралда полиция қызметкерлері ер адамның өмірін сақтап қалды
Оралда полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды. Орал қалалық патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Жолбаев Парасат Орал қаласында Депо аумағындағы көпірден жеке көлігімен өтіп бара жатып, қауіпті жағдайды байқаған. Ол сол күні демалыста болған. Көпірдің қоршауынан арғы жаққа шығып кеткен шамамен 40-45 жастағы ер адамның бір аяғы төмен қарай салбырап, кез келген сәтте құлап кету…
-

ШҚО-да өндірістегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Аймақта қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ансат Исатай мәлімдеді. Бүгінде облыста 354 қауіпті өндірістік нысан бар. 2026 жылы нормативтік пайдалану мерзімі аяқталған 603 бірлік жабдық пен технологиялық желіні жаңарту жоспарланған. Кәсіпорындарда өндірістік бақылауға…
-

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы
ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 тамызы күні «Адам капиталы, білім, прогресс – халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» атты дәстүрлі ұстаздардың тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған панельдік секция отырысы өткізілді. Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, балабақша бүлдіршіндері мен педагогтерінің «Менің…
-

Жамбыл облысында салықтық әкімшілендіру нәтижелері, бизнесті көлеңкеден шығару, кассалық тәртіпті нығайту және тұтынушылардың фискалдық чекті талап етуі туралы пресс-конференция
🔰 28.08.2026ж. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің байланыс орталығында 📷«баспасөз-конференция» өтті.🎤Спикерлер: Шайдуев Кабылбек Бектұрғанұлы – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары; Нурмаханбетов Ерлан Мирамбекович – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы» басқармасының басшысы.🔷Тақырыптары:1) Жамбыл облысында бойынша мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижелері;2) бизнесті көленкеден шығару бойынша серпінді жобаны…
-

Шығыс Қазақстанда педагогтердің Тамыз кеңесі өтті
Шығыс Қазақстан облысы педагогтерінің «Адам капиталы, білім, прогресс – халықтың конституцияның негізгі құндылықтары» атты дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Кеңес алдында инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Онда мектептер үшін жасанды интеллекттің кешенді жүйесін енгізу, білім ордасындағы барлық процестерді автоматтандыруды қамтитын платформа, оқу процесін цифрлық трансформациялау және мұғалім, оқушы мен мектеп арасындағы…
-

Жетісу облысында әскерге шақырылушыларға оқуына байланысты жеңілдік беріледі
Жетісуда әскерге шақырылушыларға оқуына байланысты жеңілдік беріледі 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Облыстан Отан алдындағы борышын өтеуге 900-ге жуық азаматты жіберу жоспарланған. Әскерге шақыру жоспары 2026 жылғы көктемгі науқанмен салыстырғанда 15 пайызға артты. 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар ҚР Қарулы Күштеріне – 470 адам, Ұлттық…
