Санат: Қазақстан
-

Алматыда жастарға арналған тоғызқұмалақтан тегін курстар ашылды
Алматының Медеу ауданындағы жастар комьюнити орталығында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан тегін курстардың ашылу рәсімі өтті. Жоба қалалық Жастар саясаты басқармасы мен «Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен қолға алынған. Бастама жастар арасында ұлттық ойынды кеңінен насихаттауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. Іс-шара аясында жоба ресми түрде таныстырылып, қаланың…
-

🔹«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарына еңбек заңнамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарына кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау және олардың еңбек қызметіне тарту тәртібі мен еңбек заңнамасының талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жанабай Усембайұлы Аймаганбетов, Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы…
-

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте өңірдің жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.Аймақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика, өңдеу өнеркәсібінде 14 пайыздық өсім қалыптасқан. Инвестиция тарту бойынша Үкімет бекіткен 789…
-

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Сёке Сабольчпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Облыс әкімі Қазақстан мен Мажарстанды тарихи-мәдени байланыстар мен өзара сенімге негізделген серіктестік қатынастар біріктіретінін атап өтіп, Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына серпін бергенін жеткізді.–Аймағымызға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Бізді ресми…
-

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын сақтау!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жарамдылық мерзімі өткен, жарамсыз болған, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын сақтау қажеттілігін еске салады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен…
-

«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында учаскелік полиция қызметкері ауыл тұрғындарымен жеке кездесулер өткізіп, елді мекен аумағын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға төкпеу, абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жаңа заң талаптарына сәйкес…
-

Химиялық кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының басшылығымен кездесу өткізді. Жұмыс сапары аясында вице-министр кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінің жұмысымен, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйімен және өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуымен танысты. Кәсіпорын қазіргі таңда Жамбыл облысындағы жетекші химия кәсіпорындарының қатарына кіреді және минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Кездесу…
-

Алматыда дәрігерлер кесарь тілігі кезінде салмағы 5 келіден асатын алып миоманы алып тастап, ана мен сәбидің өмірін сақтап қалды
Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 35-аптасында қағанақ суы мерзімінен бұрын кеткен 40 жастағы жүкті әйел шұғыл түрде жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер ұрықтың өміріне қауіп төндіретін қан айналымының бұзылуын анықтады. Осыған байланысты шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Жағдай айқын жабысқақ үдеріспен күрделене…
-

Мұнай айдау кәсіпорнындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Құмкөл» МАС-та жоспарлы тексеру жүргізуде. Тексеру аясында магистральдық мұнай құбырларының техникалық жай-күйі, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарының орындалуы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандыруға қатысты іс-шаралардың іске асырылуы зерделенді. Сонымен қатар өндірістік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы, оның штат санының белгіленген нормативтерге сәйкестігі…
-

«Таза Қазақстан»: Астанада заңсыз қоқыс үйінділеріне қарсы күрес жалғасуда
Елордада қоғамдық аумақтардың ластануының алдын алу, заңсыз қоқыс үйінділерін жою және абаттандыру қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында Сарыарқа ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Тархан Закарин мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Спикердің айтуынша, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын…
-

Жетісуда тұрғындарға көмірді жаз мезгілінде сатып алу ұсынылуда
Жетісу облысының көмір қоймаларына қатты отын тиісті көлемде тұрақты жеткізілуде. Қазір өңірге тәулігіне орта есеппен 9 вагон көмір әкелінеді. Жалпы биылғы жылыту маусымына облыста халықтың көмірге деген қажеттілігі 375 мың тоннаны құрайды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 46 көмір тұйығы мен қойма болса,…
-

Алматы хайуанаттар бағында керқұланның құлыны дүниеге келді
Алматы хайуанаттар бағында керқұланның (Пржевальский жылқысы) Құрбанкүл атты биесі құлындады. Құлынға Желмая деп ат қойылды. Бұл Құрбанкүлдің екінші төлі. Бұл құлынның дүниеге келуі ерекше маңызға ие. Себебі керқұлан – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген, әлемдегі ең сирек кездесетін жабайы жылқы түрлерінің бірі. Хайуанаттар бағында оның төлін алу…
-

Ауылдық елді мекен көшелерінде арамшөптерді отау жұмыстары жүргізілді.
Вознесеновка ауылының ішкі көше жолдарының бойында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында арамшөптерді отау және аумақты ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар ауылдың көркі мен тазалығын арттырып, тұрғындарға жайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталды. Ортақ іске белсене атсалысқан азаматтардың еңбегі ауылдың ажарын аша түсіп, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды. Ақпарат…
-

Түрік инвесторларының қатысуымен жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «TUKIB» түрік-қазақ кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлының, Режеп Тайип Ердоғанның көшбасшылығымен бүгінде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуына серпін берді.Бүгінде Қызылорда облысы тарихи мұрасымен ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктерімен…
-

Хабарландыру!
«Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, 2026 жылғы күзгі-дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Дизель отынын әлеуетті жеткізуші операторлардан өтінімдерді қабылдау 2026…
