Санат: Қазақстан
-

Қазақстанда Шахтер күні атап өтіледі
Жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде ең батыл мамандық иелері кәсіби мерекесін атап өтеді. Шахтердің еңбегі табандылықты, төзімділікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Кенші әулеттері ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жинақталған тәжірибені кейінгі буынға жеткізіп, саланың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Барша шахтерлер мен көмір өнеркәсібінің ардагерлері, мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1282801?lang=ru
-

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания…
-

ОҢТҮСТІКТІҢ ЫРЫСЫ – АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА: АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Алматыда Түркістан облысының еңбекқор диқандары мен шаруаларының қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі өтті. Шаһар тұрғындары мен қонақтары оңтүстік өңірден тікелей жеткізілген табиғи, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерді тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде:Ет және сүт өнімдері: 23 тонна жылқы еті, 21,5 тонна қой еті, 20 тонна сиыр еті, 5…
-

Аппараттық кеңес
Бүгін Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатыстым. Кеңестің негізгі мәселесі – алдағы жылыту маусымына дайындық. Кеңес барысында ауданның алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат тыңдалды. Аудандактардын, жылу желілерінің және әлеуметтік сала объектілерінің жай-күйі, сондай-ақ жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқталуы қажет мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, аудан бойынша бірқатар ағымдағы мәселелерді қарастырып, жауапты…
-

Қарағанды облысында еліміздегі ең ірі вольфрам жобасын іске асыру басталды
Қарағанды облысында ауқымды «Солтүстік Қатпар» вольфрам жобасын практикалық тұрғыдан іске асыру ресми түрде басталды. Жоба Қазақстанда шикізатты өндіруден бастап, оны терең өңдеп, жоғары технологиялық өнім шығаруға дейінгі жаңа өндірістік тізбекті қалыптастыруға негіз болады. Кен орнында дайындық жұмыстары екінші ай қатарынан жүріп жатыр. Қазіргі таңда өндірістік алаңдар жасақталып, кірме жолдар мен далалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.…
-

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті. Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың…
-

Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік негізі
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи кезеңнің бастауына куә болып отырмыз. Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – мемлекетіміздің жаңару жолындағы маңызды белесі.Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.Білім саласының өкілі әрі мемлекеттік қызметкер ретінде Конституцияның басты қағидаттары ең алдымен жас ұрпақтың бойында…
-

Департамент басшысы «Өнер өмір тынысы» көрмесіне қатысты
Департамент басшысы А. Е. Мекебаева Қостанай облыстық сурет галереясында өткен, «Өнерөмір тынысы» бейнелеу шығармашылығы көрмесіне барды. Көрме Қостанай облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында (АӘҚКО) тұратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар болып табылатын бірегей шығармашылық жұмыстарды біріктірді. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ…
-

Маңғыстауда пробация есебіндегі тұлғалардың балаларына мектепке қажетті құралдар табысталды
Маңғыстау облысы. Жаңа оқу жылы қарсаңында Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімі «Біз адамбыз, біз біргеміз» қайырымдылық қорымен бірлесіп, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары мен кеңсе тауарлары табысталды. Игі бастаманың негізгі мақсаты — отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету және балалардың жаңа оқу жылына…
-

Итальяндық қызыл кресттің қолдауымен жүзеге асырылатын «Тек ана» әлеуметтік жобасы аясындағы кездесу
2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды қаласындағы «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің базасында Италия Қызыл Крестінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тек ана» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті.Кездесуге Италия Қызыл Крестінің өкілдері Анна Мария Герши және Диего Колески, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері — Дана Шалахметова, Алия Шаяхбаева, Т. Абрамова, В. Старикова, сондай-ақ Саран қаласының «Отбасын…
-

Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: келіп түскен бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа жатады
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде 5,5 млн гектар дәнді дақыл жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 35,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен шамамен екі есе жоғары. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер болған жағдайда, шаруалар қазірдің өзінде 7,7 млн тонна астық жинады. Өткен жылы бұл көрсеткіш осы кезеңде 3,9 млн тоннаны құраған болатын,…
-

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған үндеуі
Құрметті отандастар! Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатыр. Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл…
-

Жітіқарада Қала күні атап өтілді
Тәуелсіздік алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген үлкен мерекелік іс-шара өтті. Таңертеңнен бастап мұнда шығармашылық шаралар ұйымдастырылды: «Әнші балапан» балалар вокалдық байқауы, «JITIQARA Fest-2026» аралас би байқауы және вокалды-аспаптық ансамбльдер фестивалі өтті. Тұрғындар үшін «Ашық аспан астындағы музей» көрмесі, Балалар бульвары, кітап инсталляциясы және Тілектер қабырғасы ұйымдастырылды. Мерекенің маңызды бөлігі – салтанатты марапаттау рәсімі болды.…
-

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» профилактикалық іс-шара
Бүгін Саран қаласының Мәдениет үйінде психолог Пустовалова Наталья Александровна пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от КГУ «Центр поддержки семьи г. Сарань» (@otbasynqoldau_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1282784?lang=ru
-

ШҚО-да млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер алтын әшекейлерді ұрлаудың екі дерегін ашты. Екі жағдайда да қымбат бұйымдар сауда орындарынан ұрланған. Келтірілген жалпы шығын бір миллион теңгеден асты. Алғашқы жағдай Өскемендегі ломбардтардың бірінде болған. Ер адам бұйым сатып алуға келген сатып алушы ретінде әрекет етіп, сатушының назарын басқа жаққа аударған сәтті пайдаланған. Осы кезде…
