Санат: Қазақстан
-

Маңғыстауда ««Shubat Fest – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді
29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отырған ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерді анықтау, түйе сүтінен өндірілетін өнімдердің сапасын…
-

Құрылтай – 2026
Құрметті отандастар! 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының…
-

Астанада Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Келісімге қол қойылды
2026 жылғы 3 тамызда Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Е. Сарсембаев марокколық делегацияны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі новеллаларымен, Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен, елде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалармен, әділет жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен, мемлекеттік…
-

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы интернет-кеңістігіндегі діни сипаттағы іс-шараны көпшілікке жария түрде насихаттау және діни қызмет элементтерін қоғамдық орында ұйымдастыруға қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, @zhanbol_nurmukhanbet «Threads» парақшасында «Бесплатный кофе за суру из Корана. С сегодняшнего дня запускаем акцию! Если вы сможете прочитать любую суру из Корана наизусть, мы угостим вас чашкой кофе бесплатно. Акция действует 7 дней – до 10 августа включительно. Астана, Қабанбай батыра, 58Б Ждём вас! Пусть эта акция станет поводом вспомнить или выучить ещё одну…
-

ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы басталды!
ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы басталды! «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасымен жүзеге асырылатын ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық мәдени жобасы өз жұмысын бастады. Жоба Маңғыстау облысы мен Моңғолия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, өңір суретшілерінің шығармашылығын халықаралық деңгейде танытуға және шығармашылық тәжірибе…
-

Қазақстанда жаңа стратегиялық автомобиль жолдарының құрылысы басталды
3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір форматында бірқатар ірі автомобиль жолдарының құрылысын бастады. Негізгі жобалардың бірі – ұзындығы шамамен 800 км Бейнеу–Сексеуіл автожолы. Жаңа бағыт Қытай шекарасын Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырып, Қытай–Еуропа бағытын шамамен 1 000 км-ге қысқартуға және жүктерді жеткізу уақытын 3 күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қызылорда–Сексеуіл және…
-

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мамандары интернет-кеңістікте заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатын және діни материалдар жариялайтын желі қолданушыларының арасында Айнұр Асенберді атты журналисттің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров|» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған. Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни…
-

«АС-КА» ЖШС-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Департаменттің еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Нұғыманова Қызылорда қаласында орналасқан «Ас-кА» ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша үстіміздегі жылы заң нормаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1268768?lang=ru
-

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Кентау электр желілері тарапынан жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 4 тамыз күні сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін ПС 35/10 кВ «Шой» электр қондырғысының 35 кВ ажыратқышында реттеу және жөндеу жұмыстары атқарылады. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында төмендегі аумақтарда электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады: Өшірілетін аумақтар: * Шауғар тұрғын алабы; * Коммунизм және Ортақ елді мекендері; *…
-

ТҮРКІСТАНДА «TURAN» АКВАПАРКІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында туризм және демалыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Turan» аквапарк-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жалғасуда. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс алаңын аралап, нысандағы жұмыстардың барысымен танысты. Құрылыс өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асу қарқынын, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздік шараларын және алдағы жоспарларды талқылады. Қазір құрылыс алаңында 160 жұмысшы еңбек етуде.…
-

Жаздың ең жылы мекені – Түркістан 💛
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1268771?lang=kk
-

ШҚО-ның шетелге экспорт көлемі биыл 1,5 млрд АҚШ долларын құрады
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жиын барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға артқан. «Экспорттың жартысынан астамын өңдеу деңгейі жоғары өнімдер құрайды. Бұл елдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің қарқынды…
-

Ауылдардағы білім инфрақұрылымын жақсарту: Жетісуда 5 жаңа мектеп салынып жатыр
Жетісу облысында әсіресе ауылдық жерлердегі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл өңірде бір мезгілде жалпы саны 1280 оқушыға арналған бес жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы үш білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның біреуі пайдалануға берілді, ал қалған төрт жаңа мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне ұсынылады. Негізгі мақсат – білім…
-

2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдер есебімен бірге 41,4% құрайды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына елеулі үлесін растайды. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары…
-

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында дәстүрлі «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі өтті.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында дәстүрлі «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі өтті. Екі күнге жоспарланған шарада өңір шаруалары заманауи агротехнологиялармен танысып, сала мамандары мен сарапшылардан тәжірибелік кеңестер алды. Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден 40-тан астам компания қатысты. Фестивальдің ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихаттың…
