Санат: Қазақстан
-

Құқық кабинеті
Ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа, құқықтық деректер базасына және электрондық мемлекеттік қызметтерге тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ауылдық әкімдіктерде “Құқық кабинеттері” құрылды. Олар құқықтық сауаттылықты арттырып, кеңестерді жедел алуға, eGov арқылы сұрау салуға және аудан орталығына бармай-ақ құқықтық мәселелерді шешу үшін интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-sorochin/press/news/details/1263513?lang=ru
-

Меритократия – мемлекеттік қызметтің сапалы дамуының кепілі
Мемлекеттік қызметтің сапасы ең алдымен онда еңбек ететін мамандардың біліміне, тәжірибесіне және жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл қағидатқа сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдау және қызметте жоғарылау кезінде қызметкердің білімі, кәсіби қабілеті, жұмыс нәтижесі мен еңбегі басты назарға алынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында да меритократия…
-

Көкшетау қаласының №7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кезекті профилактикалық кездесу өткізілді
24 шілдеде Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Зерделі ұрпақ” жастар қоғамдық бірлестігінің басшысымен бірлесіп, ҚАЖД қолдауымен, жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Көкшетау қаласының №7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кезекті профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтті және тек құқықтық сауаттылықты арттыруға ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өз болашағына…
-

Қазақстандық делегация Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы жастар форумына қатысып жатыр
Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жастар форумы басталды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, сарапшылар, кәсіпкерлер мен волонтерлер жиналды. Қазақстан атынан еліміздің әр өңірінен келген 30 делегат қатысып жатыр. Форум бағдарламасы екі күнге жоспарланған. Оның аясында сарапшылық пікірталастар, панельдік сессиялар, жобалық жұмыстар және білім беру…
-

Хабарландыру
Қамысты ауылы тұрғындарының назарына!2026 жылғы 25 тамызда сағат 11:00-де Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 22 мекенжайы – ауыл әкімдігінің ғимаратында жаңа тұрғын үй құрылысы ауданында ұзындығы 300 метрлік жаңа көшеге атау беру туралы халықтың пікірін есепке алу мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1263499?lang=ru
-

Жаз мезгіліндегі майонез қосылған салаттар: тағамнан уланудың алдын алыңыз
Жаздың ыстық күндерінде майонез, қаймақ және өзге де тұздықтар қосылған салаттар тез бұзылатын тағамдардың қатарына жатады. Ауа температурасының жоғары болуы ауру тудыратын микроорганизмдердің жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасап, нәтижесінде жедел ішек инфекциялары мен тағамнан улану қаупін арттырады. Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға дайын салаттарды тоңазытқышта да ұзақ уақыт сақтамауға кеңес береді. Әсіресе, мұндай…
-

Құрметті ағайын!
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Өтетін күні: 2026 жылғы 1 тамызӨтетін орны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «ҚАРҚАРАЛЫ GO» этно-лагері. Бағдарламада облыстық өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ат бәйгелері және мерекелік кеш өтеді. Спорттық жарыстар (09:00): * Қазақ күресі (74…
-

Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде…
-

Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама
Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 28 шілдесінде сағат 16:00-де Zoom платформасы арқылы өтеді. Анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46. Сессияның күн тәртібінің негізгі мәселелері: Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып кеткендердің орынына сайлау туралы. «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәслихаттың 2025 жылғы…
-

Елордада «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры басталды
Елордада «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры басталды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 500 бала елордаға келеді. Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС ұйымдастырып отыр. 23 шілдеде турдың алғашқы қатысушылары ретінде Атырау облысынан келген 40 оқушы елордаға табан тіреді. Қатысушылар үшін кәсіби гидтердің көмегімен үш күнге жоспарланған мазмұнды мәдени-танымдық,…
-

Қазақстан ТЖМ #СоңғыЖүзу ақпараттық акциясын бастады
Жазғы демалыс су жағасында тек жағымды естеліктер сыйлауы тиіс. Өкінішке қарай, әрбір шомылу маусымы алдын алуға болатын қайғылы оқиғалармен қатар жүреді. Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күніне орай Қазақстан Республикасы ТЖМ #СоңғыЖүзу ақпараттық акциясын бастайды. Акцияның басты мақсаты – судағы қауіпсіздік ережелерін елемеу адам өміріне қауіп төндіретінін әрбір азаматтың есіне салу. Шомылу маусымы…
-

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті
2026 жылғы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шара Департамент басшысының орынбасары Қазыбек Қойшиновтың төрағалығымен өтті. Семинарға Департаменттің мемлекеттік қызметшілері қатысты. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру…
-

📌 Фискалдық чек пен тауарлық чек: нені білу қажет?
Тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында фискалдық чек пен тауарлық чек әртүрлі құжаттар болып табылатынын және олардың құқықтық мәні әртүрлі екенін еске саламыз. ✅ Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысудың тіркелгенін растайды. Құжатта міндетті деректемелер, оның ішінде фискалдық белгі мен QR-код қамтылады, ал жасалған сату туралы мәліметтер…
-

Әулиекөл – Астана тас жолы бойын тазалау жұмыстары
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қоқыс жинау, жол жиектерін тазалау және тас жол бойындағы аумақты тиісті жағдайға келтіру жұмыстары орындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1263491?lang=ru
-

«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсінік жұмыстары жүргізілді.
24 шілде 2026 жылы Мұнайшы ауылында “Таза Қазақстан” акциясы аясында құрылған мониторингтік топ мүшелерімен тұрғын үйлердің аумағындағы тазалық бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Мониторинг түсіндірме жұмыстарына, ауыл әкімінің орынбасары және бас маманы қоғамдық көмекші, учаскелік полиция инспекторы қатысты. Мониторинг барысында тұрғындарға әкімшілік ескерту берілді. Мұнайшы ауылы бойынша құрылған мониторингтік топ жұмысы тұрақты жүргізілуде. Мұнайшы ауылы әкімдігі…
