Санат: Қазақстан
-

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы
Кербұлақ ауданы Альынемел ауылында 252-ші өрт сөндіру бекеті ашылды.Өрт сөндіру бекеті Алтынемел,Ақбастау, Қарлығаш,Байғазы, Қызылмектеп және Тастыбастау ауылдарын өрт сөндіру қаупінен қорғайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-altynemel/press/news/details/1288182?lang=ru
-

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ФАСТФУД ЖАРНАМАСЫН ШЕКТЕУ БОЙЫНША НОРМАЛАР ҰСЫНДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі. Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.Ол мұндай жарнаманың зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал ететінін, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені арттыратынын және елдің еңбек әлеуетіне…
-

Оқушылармен ауқымды кездесу өткізілді
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаев А. Мендалиев атындағы білім беру ұйымында 9–11 сынып оқушыларымен ауқымды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері…
-

«ТІЛ ТҰҒЫРЫМ» — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАРА
«ТІЛ ТҰҒЫРЫМ» — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАРА Жарлыөзек ауылдық округінің округтік кітапханасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің қадір-қасиетін насихаттау және жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Тіл тұғырым» атты тағылымды шара ұйымдастырылып өтті. Тіл — ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы, атадан балаға мирас болып жеткен асыл мұра. Қазақ тілі — халқымыздың тарихын,…
-

Тілі басқа, тілегі бір: Жамбыл облысы полиция департаментінде этнос өкілдері бас қосты
Жамбыл облысы полиция департаментінде Қазақстан халқының Тілдері күніне орай “Парасатты полицей” тіл апталығы аясында “Тіл — тірлік пен бірліктің тұтастығы” атты тағылымды іс-шара өтті. Жиынға департаменттің басшылық құрамы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, Ш. Уәлиханов атындағы облыстық кітапхананың…
-

Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған акселерация бағдарламасы іске қосылады
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры MOST Business Intelligence компаниясымен бірлесіп, креативті индустриялар мен технологиялар саласындағы жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға арналған практикалық акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акселерация екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Алматыда 21 қыркүйекте, Шымкентте 5 қазанда және Астанада 19 қазанда өтетін өңірлік буткемптерді…
-

NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмыстары
NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмыстары жалғасуда Бүгін жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына ақшалай қаражат өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізудің тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат тарады.ҚР Әділет министрлігі аталған ақпаратты түсіндіру үшін келесіні хабарлайды.Қазіргі уақытта NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдануына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық…
-

Қазақстанда энергияны жинақтау жүйелері заңы және жасыл энергетиканы дамыту тұжырымдамасы қабылданбақ
«Go Net Zero – Орталық Азия және Каспий» бизнес-саммиті аясында өңірдің энергетика саласын декарбонизациялаудың, яғни өндіру мен өңдеуден бастап электр энергиясын өндіру мен беруге дейінгі бағыттардың перспективалары талқыланды. Энергетика министрлігінің атынан құттықтау сөз сөйлеген Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан өңір елдерін ортақ тарих пен мәдени байланыстар ғана емес, ортақ энергетикалық жүйелер, су ресурстары…
-

Арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде
Арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «SHENGTAI BIOTECH CO., Ltd» ЖШС-де 2026 жылғы 31 тамызда орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда, оқиға болған жұмыс орнына зерделеу жүргізіліп, тиісті құжаттар қарастырылуда. Сонымен қатар, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және…
-

Қарағанды облысында прокурорлар «Евразия Инвест LTD» компаниясының 54 млрд теңгелік инвестициялық жобаларын сүйемелдеуде
Қарағанды облысында прокуратура әкімдікпен бірлесіп, елдің ең ірі агроөнеркәсіптік кластерлерінің бірі – «Евразия Инвест LTD» ЖШС инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға жәрдем көрсетуде. Компанияның инвестицияларының жалпы көлемі 54 млрд теңгеден асады, 11 жоба аясында 345 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев облыс әкімі Ерманғанбет Бөлекпаевпен бірге компания басшылығымен кездесу өткізіп, онда қолданыстағы жобаларды…
-

Қауіпсіз жылыту маусымы – басты назарда
Түркістан облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстары жалғасуда. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, пешпен жылыту жүйелерінің қауіпсіздігін тексеріп, өрттің және улы газдан улану жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылыту маусымы кезінде орын…
-

Жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдері талқыланды
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Мәжілісте ауданның даму бағыттарына сәйкес ауыл шаруашылығы, құрылыс және шағын бизнес салаларындағы жұмысшы мамандықтарына қажеттілікке талдау жүргізіп, кадр тапшылығы сезіліп отырған мамандықтың тізімін қалыптастыру мәселесі қаралды. Осы бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық…
-

Кәмпиттің ішіне жасырылған ұялы телефон: ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттың мекеме аумағына өткізілуіне жол бермеді
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №33 мекемесінде қызметкерлер сотталған адамға тыйым салынған затты беруге жасалған әрекеттің жолын кесті. Ұялы телефон мекемеге келіп түскен бандерольді тексеру барысында анықталды. 2026 жылғы 31 тамызда сәлемдемелер мен бандерольдерді беру бөлмесінде мекеме қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп, пошта жөнелтілімін тексеру кезінде ұялы телефонды, зарядтау құрылғысын және…
-

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ (2026 жылғы 8 қыркүйек)
Біз, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Cыртқы істер министрлері (бұдан әрі – ОАЯҚАА туралы шарт), Семейде ОАЯҚАА туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай, адамзаттың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі ортақ мақсатына деген бейілдігімізді растай отырып және ядролық қаруды кез келген қолданудың немесе сынаудың апатты гуманитарлық салдарын сезіне отырып, ядролық…
-

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
2026 жылғы 7 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өтті. Семинарға Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев төрағалық етті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама талаптарын практикада қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ кәсіби қызмет барысында заңдылық, қызметтік әдеп және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Семинар…
