Санат: Қазақстан
-

Қазақстанда алғаш рет OpenAI компаниясының қатысуымен әлемдегі ең ірі «HackAlem AI» жасанды интеллект хакатоны өтеді
23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі — HackAlem AI өтеді. Хакатонның ресми серіктесі — OpenAI. HackAlem AI қатысушылары жеке AI-шешімдерін әзірлеп, іске қосу үшін жалпы құны 1 миллион долларға дейінгі OpenAI технологиялық ресурстарын пайдалана алады. Жеңімпаздарға қосымша 100 мың доллар…
-

Төлемдерді ұсыну тәртібі және әлеуметтік қолдаудың басқа да шаралары туралы
Жақын адамынан айырылу – кез келген отбасы үшін ауыр сынақ. Әсіресе қайтыс болған адам отбасының негізгі асыраушысы болып, отбасы табысының едәуір бөлігін қамтамасыз еткен жағдайда, оның салмағы одан әрі арта түседі. Осындай жағдайда отбасының өз күнкөрісін қамтамасыз ете алмайтын мүшелеріне мемлекет тарапынан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Туа біткен мүгедектігі бар азаматтарға да жекелеген…
-

АЛАТАУДА ЗАМАНАУИ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
АЛАТАУДА ЗАМАНАУИ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ Алатау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға есігін айқара ашқан №20 «Келешек» орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа білім ордасы оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және шығармашылық қабілеттерін шыңдауына мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған. Жаңа мектеп ақсақалдардың ақ батасымен ашылып, ізгі тілектермен жаңа…
-

БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРУДА
🔹Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Болашақ мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2024 жылдан бері өз жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. 🔹Орталықтың негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыруға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, әлеуметтік ортаға араласуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай…
-

10 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығында ашық есік күні өтеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1286811?lang=ru
-

Бұл жай ғана мамандық емес, бұл — өмірлік миссия
15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында осы жауапты саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандардың өнегелі еңбек жолымен таныстыруды жалғастырамыз. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметке бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Рой Галина Николаевна. Галина Николаевна санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы еңбек жолын 1988 жылы Осакаровка кентіндегі Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында…
-

«Таза Қазақстан»: ақтөбелік оқушылар экологиялық білімін тәжірибемен ұштастырды
Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Таза қадам – үлкен өзгеріс» атты кешенді іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға баулу және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға ынталандыру. Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Алдымен оқушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты мен маңызы түсіндірілді. Қоршаған…
-

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды
Мойынты – Қызылжар желісінің құрылысында теміржол жолдарының түйісуі аяқталды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырудағы маңызды кезең. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, халықаралық көлік бағыттарын кеңейтуге және экспорттық тасымалдар көлемін арттыруға бағытталған. Жаңа теміржол желісінің құрылысы жоғары қарқынмен және бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінде нысанда…
-

Алматы құрамасы 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таеквондо WT-дан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алды
Ақтөбеде 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында таеквондо WT-дан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 227 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы құрамасы 16 медаль – 5 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады. Алтын медаль иегерлері:Жанель Сұлтанғалиева —…
-

«Таза Қазақстан»: ақтөбелік оқушылар экологиялық білімін тәжірибемен ұштастырды
Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Таза қадам – үлкен өзгеріс» атты кешенді іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға баулу және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға ынталандыру. Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Алдымен оқушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты мен маңызы түсіндірілді. Қоршаған…
-

«JANA MEN KÙZ RUN»: Астанада бұқаралық күзгі жүгіру жарысы өтеді
Астанада 12 қыркүйекте «JANA MEN KÙZ RUN» бұқаралық күзгі жүгіру жарысы өтеді. Спорттық іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Триатлон саябағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жарыс сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар 3, 5 немесе 10 шақырымдық үш қашықтықтың бірін таңдай алады. Қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген. Жарысқа қатысу тегін. Онлайн тіркелу 9 қыркүйекте…
-

Алматы онкоорталығында дәрі-дәрмектің науқасқа дейінгі жолы робот арқылы бақыланады
Алматы онкологиялық орталығында роботтандырылған дәріхана кешені мен дәрілік препараттарды жабық, герметикалық жағдайда дайындау жүйесі енгізілді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. Жаңа технология дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерін – препараттарды қабылдап, сақтаудан бастап, оларды дайындау және науқасқа беруге дейінгі үдерісті автоматтандырады. Жүйенің басты ерекшелігі – әрбір препараттың цифрлық бақылауда болуы. Арнайы код…
-

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ
ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында мекеменің қызметінде қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, еңбек қатынастарының дұрыс рәсімделуі, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі зерделенуде. Сонымен қатар, тексеру барысында қажетті құжаттар қаралып, олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілуде.…
-

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытуға және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлер мен отандық, сондай-ақ халықаралық волонтерлік ұйымдардың еңбегін бағалап, ынталандыруды көздейді. Байқау Мемлекет басшысының волонтерлік қозғалысты одан әрі дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.…
-

Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайлов I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды белгілі ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Федорович Михайловты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Дархан Амангелдіұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерейтой иесіне мемлекеттік награда – I дәрежелі «Барыс» орденін және құттықтау хатын табыс етті. Президенттің құттықтауында Валерий Михайловтың көпжылдық жемісті еңбегі, отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға қосқан елеулі үлесі атап…
