Санат: Қазақстан
-

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгерудеКамбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.Қолданыстағы жүйенің ауқымы…
-

Қазақы тазы мен төбет күніне орай кинология саласының өкілдері марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақы тазы мен төбет күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан Кинологтар одағының өкілдері, кинологтар, ит өсірушілер, хендлерлер және ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары қатысты. Әлібек Қуантыров қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақы тазы мен төбетті сақтау, олардың асыл тұқымдық және табиғи қасиеттерін дамыту, сондай-ақ отандық кинологияны қолдау бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Салтанатты рәсім барысында ұлттық ит тұқымдарын сақтау, өсімін молайту және отандық кинологияны дамытуға үлес қосқан 20 азамат марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, биыл Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып өтіп отыр. Мерекелік дата ретінде 3 қыркүйектің таңдалуының өзіндік мәні бар. 2024 жылғы дәл осы күні Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды. Қазіргі уақытта елімізде ұлттық ит тұқымдарын сақтау, асыл тұқымдық қорын қалыптастыру, қазақы тазының табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1285545?lang=ru
-

6,8 триллион және ірі инвестициялық жобалар: М.Сұлтанғазиевтің Алматы облысын басқарған кезеңі немен есте қалды
Бүгін Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы маусымнан бері басқарып келген Алматы облысының әкімі қызметінен кетті. Оның төрт жылдық басқару кезеңі әкімшілік бөліністен кейін өңірдің қалыптасуы және облыс орталығының Қонаев қаласына көшірілуімен тұспа-тұс келді. Осы уақыт ішінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елдегі оныншы орыннан көшбасшы бестіктің қатарына көтеріліп, экономикасын екі есеге жуық ұлғайтты және инвестиция…
-

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды. Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.…
-

Білім күні Шұбарқұдықта Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылды
1 қыркүйекте Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп өз жұмысын бастады.Мектеп 600 оқушыға арналған. Оқу процесін ұйымдастыру үшін мұнда 22 оқу кабинеті, екі спорт залы және акт залы жабдықталған.Оқу кабинеттері қажетті жиһаздармен, заманауи құрал-жабдықтармен, оқу, көрнекі және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Мектепте информатика және IT кабинеттері, пәндік кабинеттер, зертханалар, сондай-ақ зерттеу және…
-

Цифрлық технологиялар — мектеп қауіпсіздігінің жаңа деңгейі
Ақмола облысының білім беру жүйесі цифрлық дамудың жаңа деңгейіне біртіндеп көшіп келеді. Бүгінде заманауи технологиялар білім сапасын арттырумен қатар, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мектеп инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарының бірі — білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес мектептердегі бейнебақылау жүйелерін…
-

Таза Қазақстан
Новобратск ауылдық округінде аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-novobratskoe/press/news/details/1285551?lang=ru
-

САРЫАҒАШ: АҚЖАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сарыағаш ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысын сапалы жүргізу және тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан аумағында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа нысандар бой көтеруде. Солардың бірі – Ақжар ауылдық округінде салынып жатқан медициналық нысан. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Аудан басшысы құрылыс…
-

Ақмола облысында Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы барысы тексерілді
Комитет төрағасының орынбасары Ә. Әубәкіров Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер, Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін салу объектісіне барды. Сапар барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы барысы қаралып, жекелеген учаскелерге және су тазарту станциясының ғимаратына тексеру жүргізілді. Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымға жұмыстардың қарқынын жеделдету, объектілерді қажетті материалдармен және техникамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі :…
-

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
📌 Аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудан әкімдігінің ғимаратында тиісті мекеме басшыларының қатынасуымен аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді. 👥 Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауап берді. Тұрғындар тарапынан жеке тұрғын үй және жұмыс мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті. Бөлім басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. ✅Азаматтардың әрбір өтініші назарға…
-

Абай облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ оқу орындарына алғашқы дайындыққа кандидаттарды іріктеді
Абай облысының Полиция департаментінде іріктеу науқанының кезекті кезеңінің қорытындылары шығарылды. Кадрларды жасақтау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарында алғашқы кәсіби дайындықтан өту үшін іріктелген 36 кандидаттың негізгі жиынтығы сәтті аяқталды. Кандидаттарды іріктеу процесі ашықтық, обективтілік және қатаң біліктілік талаптары қағидаттары негізінде жүзеге асырылды. Барлық үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссиядан медициналық куәландыруды, психофизиологиялық тестілеуді, полиграфтан…
-

13,5 млн гектар қайта бөлінген ауыл шаруашылығы жері, жасанды интеллектіні енгізу және аграрлық ғылымды дамыту: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары қалай орындалуда
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындау жұмыстары елімізде жалғасып келеді. Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы әкімдіктермен бірлесіп, қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу, жер қатынастарын цифрландыру, қолданбалы аграрлық ғылымды дамыту және өндіріске заманауи технологияларды…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде Ақжар және Дербісек ауылдық округтерінде ауыз сумен қамту деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар елді мекеніне жұмыс сапары барысында ауыз су нысанындағы құрылыс жұмыстарының…
-

Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа №81 мектеп ашылды
Білім күні «Алтын Орда» шағынауданында жаңа жалпы білім беретін №81 мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи білім ордасы жаңа оқу жылынан бастап 900 оқушыны қабылдайды.Жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева құттықтады.«Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын…
-

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ.
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ. Отбасы – әр адам өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінуге тиіс орта. Күш көрсету, қорқыту, қорлау, психологиялық қысым жасау немесе адамның қаражаты мен мүлкін әдейі шектеу – қалыпты отбасылық қарым-қатынас емес, заңмен қорғалатын адамның құқықтарына қол сұғу болып табылады. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа…
