Санат: Жаңалықтар
-

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастыруда. Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды. Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг…
-

ІІМ “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды
Қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында республика көлемінде “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында шетел азаматтары жасаған көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ: 4,1 мың шетел азаматы елде болу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; 2,7 мың шетел азаматы заңсыз…
-

Округке қарасты Қайназар ауылында ТҮКШ және ТУИ бөлімінің тарапынан су құбырларын ауыстыру және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, өз жұмыстарын бастауда.
Округке қарасты Қайназар ауылында ТҮКШ және ТУИ бөлімінің тарапынан су құбырларын ауыстыру және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, өз жұмыстарын бастауда. Осыған байланысты Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты Қайназар ауылының белсенділерімен және мердігер мекеме өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өткізді. Жиын барысында атқарылатын жұмыстар кеңінен талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу мақсатында бірқатар…
-

Наурызнаманың онкүндігі аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті
Ұлттық спорт күніне орай Ақтөбе қалалық мәслихаты дәстүрден жаңылмай, қазақтың зияткерлік мұрасы – тоғызқұмалақтан тартысты турнир ұйымдастырды. «Даланың шахматы» атанған бұл ойын – тек ұлттық құндылық қана емес, бүгінде халықаралық деңгейде мойындалған интеллектуалдық спорттың бірегей түрі. Турнирге 32 ойыншы қатысып, жас ерекшелігіне қарамастан өзара бақ сынады. Жарыс ерлер және әйелдер санаттары бойынша рапид форматында өтті.…
-

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және магистранттары қатысты. Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов өз сөзінде: «Наурыз – бізді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, дәстүрге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындайтын мереке. Мәдени мұрамызды сақтап, оны дамыту…
-

Ақмола облысында су тасқынына дайындық жөнінде жоспардан тыс кеңес өтті
Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен гидрометеорологиялық ағымдағы жағдай мен төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық бойынша жоспардан тыс кеңес өтті. «Қазгидромет» мәліметінше, 28 наурыздан бастап, түнгі уақытта да, температураның тұрақты түрде жоғарылауы күтіледі, бұл қар жамылғысының қарқынды еруіне, еритін сулардың айтарлықтай көлемде түзілуіне және гидротехникалық құрылыстар…
-

Қазақстандықтар VR технологиясы арқылы жаңа мамандықтарды үйрене алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларды даярлау жүйесіне виртуалды шындық технологияларын енгізе бастады. Бұл жұмыссыз азаматтарға теорияны ғана емес, нақты жұмыс жағдайларына барынша жақын цифрлық ортада практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді. Оқу процесі екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде қатысушылар Skills Enbek цифрлық платформасында бес бағыттың біреуі бойынша қашықтықтан онлайн-курстардан өтеді. Оқыту мемлекеттік және…
-

🌿 Мәртөк ауданында екі айлық тазалық науқаны басталды!
📍 26 наурыз – 31 мамыр аралығында аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгіннен бастап “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық маусымы ресми түрде басталды. 🔹 Тазалық жұмыстарының негізгі бағыттары:✅ Республикалық маңызы бар жол бойларын тазалау;✅ Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру;✅ Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың маңын абаттандыру;✅ Аулалар…
-

«AMANAT»-ТЫҢ КӨШПЕЛІ АЛАҢЫ – ОТЫРАРДА
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын Отырар ауданында жалғастырды. Бұл жолы ауқымды қабылдау Шәуілдір елді мекеніндегі мәдениет үйінде өтіп, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдауға облыстық деңгейдегі 56 мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары арнайы келді. Қоғамдық қабылдау партияның «Құқықтық көмек» жобасымен үйлестіріліп, азаматтардың заңды мүдделеріне қатысты…
-

Қарағандыда «Мұрагер» мектебінің оқушыларына арналған жаңа жатақхана салу жоспарлануда
Қарағанды қаласында мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-лицей-интернаты жанынан заманауи жатақхана салу жоспарланып отыр. Әлеуметтік маңызы зор бұл бастама мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуы мүмкін. Жобаны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырды. «Мұрагер» — дарынды балаларға арналған үздік білім беру мекемелерінің бірі. Оқушылар тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып…
-

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде студенттерге әскери қызметтің рөлі мен мерзімді әскери борыштың артықшылықтарын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Еңбекші және Қаратау аудандары бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың инспекторы Спандиар Тоқымбаев және Қоғамдық кеңес мүшесі Саттар Қуашбай қатысып, жастармен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында әскери қызметтің қоғамдағы маңызы, азаматтарды мерзімді қызметке…
-

Өңірде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік IT-педагогтері анықталды
Ақтөбеде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогтері арасында IT саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Биыл байқауға 21 оқытушы қатысып, өз бақтарын сынады. Олар күнделікті цифрлық технологиялар саласында болашақ мамандарды даярлап жүрген тәжірибелі мамандар. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және заманауи IT-құралдарды еркін меңгергенін көрсетті.Байқау педагогтер үшін тәжірибе…
-

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылордадағы құрылыс нысандарын аралады.Алдымен сол жағалаудағы 300 төсектік көпбейінді аурухана және тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емхана және 100 төсекке арналған онкологиялық бөлімшесі қарастырылған нысан 10 блоктан тұрады. Онда емхана,…
-

«Алатау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31713 болып тіркелген), БҰЙЫРАМЫН: «Алатау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметінде…
-

Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы туралы АНОНС
Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы туралы АНОНС 2026 жылғы 2 сәуірде сағат 11-00-де Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 (мәжіліс залы, 3 қабат) мекенжайында Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың…
