Санат: Жаңалықтар
-

Алматы тауларында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды
Бұтақты шатқалында «Бұтақты» визит-орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жоба «Туранга Групп» ЖШС тарапынан Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Нысан ұлттық парктің 30 жылдығына орай пайдалануға беріліп, туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет сапасын арттыруға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Визит-орталық аумағында заманауи санитарлық-гигиеналық тораптар, тамақтану орны, тимбилдинг пен шеберлік сабақтарын…
-

Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда.
Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында өзі басшылық ететін салаға инновацияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арансы.Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында ҒЖБМ-ға Жасанды…
-

Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2026 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Ол Сәтпаев көшесі, 34/2 мекенжайында орналасқан. Ал, Қазақстан көшесі, 99/1 мекен-жайында орналасқан Өскемен қаласының №2 ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат…
-

«Инновационный учитель – 2026»
2026 жылдың 31 наурызында ШҚО білім басқармасы “Orken” Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Инновационный учитель – 2026» байқауының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа “Маралды орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Н.Есимова қатысып жүлделі 3 орынды иеленді. Шынар Нұрбековнаны шын жүректен құттықтаймыз.…
-

«МИКС» 107,9 FM радиостанциясындағы сұхбат
2026 жылғы 27 наурызда «МИКС» 107,9 FM радиостанциясының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралинова сұхбат берді. 🔹 Сұхбат тақырыбы: Көлік құралдарына салықты әкімшілендіру және төлеу мерзімдері 📌 Эфир барысында келесі мәселелер түсіндірілді: көлік салығын есептеу тәртібі төлеу мерзімдері уақытылы төлемегені үшін жауапкершілік салықты тексеру және төлеу…
-

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде
Жетісу облысында егіс науқаны жалғасып жатыр. Көктемгі дала жұмыстары ауа райының жағдайына қарай өңірдің жеті аудан-қаласында жүргіп жатыр. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құраса, соның 387 мың гектары көктемде себіледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге, 43,3 мың гектар…
-

Инновацияларды дамыту мәселесі қаралды
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде инновацияларды дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін инновацияларды дамыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін экономиканың барлық саласына енгізу бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.«Ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуге ірі кәсіпорындарды тарту керек. Агроөнеркәсіп пен…
-

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жасанды интеллекттің теріс жағы» тақырыбында интерактивті дәріс ұйымдастырылды. Шараны Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева жүргізді. Дәріске экономика және құқық саласы бойынша білім алып жатқан 80-нен астам студент қатысты. Кездесу барысында қатысушылар «дипфейк», «дропперлік» және жасанды интеллект технологияларын теріс пайдаланудың ықтимал қауіптері туралы кеңінен ақпарат…
-

Жетісуда өнеркәсіп саласына инновациялық технологиялар енгізілуде
Жетісу облысында өңір экономикасының түрлі секторларында инновациялық шешімдер серпінді енгізілуде. Сонымен қатар жаңа идеяларды табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Инновациялық технологияларға ден қойғандардың ішінде өнеркәсіп саласы да бар, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, өңірлік Jetisu Digital IT-хабының қызметі шеңберінде жасанды интеллект, цифрлық білім беру, медицина және GovTech…
-

Түркістан қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді экологиялық іс-шара ұйымдастырылды
Іс-шараның бастамашысы – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті. Акция Қазақстан Республикасы Президентінің экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған бастамасын қолдау мақсатында өткізілді. Экологиялық шара Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің саябағы аумағында (ҚМА паркі) өтті. Қатысушылар абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда: 🔵ағаш көшеттері отырғызылды; 🔵аумаққа санитарлық тазалау…
-

Дін мәселелері жөніндегі жұмыс тобы
Бүгін халық пен жоғары сынып оқушылары арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарын жүргізу мақсатында дін мәселелері жөніндегі арнайы сарапшылардың кездесуі өтті. Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мақсаты мен міндеттері: Экстремизм мен терроризмнің алдын алу: Радикалды идеялардың алдын алу және олардың таралуына жол бермеу. Діни сауаттылықты арттыру: Дәстүрлі діндердің негіздерін және мемлекеттің зайырлылық принциптерін түсіндіру. Заңнаманы түсіндіру: Азаматтарды…
-

«Keden» АЖ жолаушылар кедендік декларациясы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке айдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде, жеке тұлғалар тауарларды кесіп өту орынындағы мемлекеттік кірістер органдарына жолаушылар кедендік декларациясын ұсынады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны, сонымен қатар, олаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда…
-

Бас прокуратура телефон алаяқтары мен олардан қорғанудың жаңа әдістері туралы ескертеді
Алаяқтардың әдістері қиындауда, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалады. Жәбірленушінің телефонына «1414» қысқа нөмірінен SMS-код келеді. Бірінші қоңырау – шабуылдаушыларды мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкерлері ұсынады және алынған кодты жазуды сұрайды. Осыдан кейін бірден екінші байланыс пайда болады – банктің, полицияның немесе ҰҚК-нің жалған қауіпсіздік қызметі. Кейбір жағдайларда бәрі тіпті бейне байланыс арқылы болады.…
-

Ведомствоаралық мобильді тобы жұмысының нәтижелері туралы
Астана қаласы «Есіл» ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ведомствоаралық мобильді топ құрылып, оның құрамына прокуратура қызметкерлері, ішкі істер органдарының өкілдері және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың жолын кесу. …
-

Мемлекеттік қызмет-маңызды міндет.
2014 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келемін. Ең алғашқы еңбек жолымды Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ономастика бөлімінде жетекші маман ретінде бастадым. 2018 жылы басқарма жанынан құрылған «Ресурстық тіл орталығына» ауысып, Мониторинг бөлімінде маман болып жұмыс істедім. Уақыт өте келе бөлім меңгерушісі қызметіне көтеріліп, бүгінде аталған орталықтың директоры лауазымын атқарып отырмын. …
