Санат: Жаңалықтар
-

Қазақстандағы реформалар Италия Депутаттар палатасының мүшесі және НАТО Парламенттік Ассамблеясындағы итальяндық делегацияның төрағасымен кездесуде талқыланды
Рим, 2026 жылғы 2 сәуір – Елші Ерболат Сембаев пен Италия Парламентінің мүшесі, «Орталық одағы» партиясының жетекшісі Лоренцо Чеза арасындағы кездесуде Қазақстан – Италия қатынастарының қазіргі жай-күйі, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі мен оларды көпжақты форматта да әрі қарай дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Атап…
-

Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Отырыс экономика салалары, экология, бюджет, салықтар және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Б. Бекенованың төрағалығымен, аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың қатысуымен өтті. Отырыс барысында Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың…
-

Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы
Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау мәселесі қаралып, бекітілді. Аталған мәселе бойынша баяндама жасаған – аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.С. Смайылов. Сессияны аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова…
-

Әділет министрлігінің қызметкерлері «Louis Vuitton» және «Nesquik» тауар белгісімен жалған өнімдерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтады
Алматы қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әлемге танымал брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді. Алматы қаласы Полиция департаментімен (Киберполиция) бірлесіп жүргізілген тексеру барысында «Nesquik» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді…
-

БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫБЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақ боксының мақтанышы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы ХХІV халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, батыр боксшының анасы Сырлыкүл Саттарханова және Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қатысып, жас спортшыларға ақжарма тілектерін білдірді. Қонақтар турнирдің мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға…
-

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА РУХАНИ ЖОЛ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында «Ұлы тұлғалар өнегесі – ұрпаққа рухани жол» атты қалалық танымдық-шығармашылық байқау өтті. Іс-шара Түркістан қалалық әкімдігі мен қалалық Ардагерлер кеңесінің бірлескен бастамасымен өткізіліп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды. Байқау медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, көрнекті ғалым Сайлаубек Шалқарұлы Шалқаровтың 80 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара барысында ғалымның…
-

МАТЧ КҮНІ БАҒДАРЛАМАСЫ! Құрметті жанкүйерлер!
Ойын басталар алдында стадионда көрермендерді жинап, трибуналарға тартып, ерекше атмосфера қалыптастыратын қарқынды DJ-сет өтеді. Матч алдында, сағат 16:00- ден бастап жанкүйерлерге арналған әртүрлі ойын-сауық бағдарламасы болады. Шоудың хедлайнерлері – «Миллион» КВН командасынан Канат пен Мансар. Стадионға кіреберісте қонақтарды команда атрибутикасын киген аниматорлар қарсы алады, жанкүйерлермен бірге ұлттық ойындар – арқан тартыс, ләңгі, асық, «шекемтас» ұйымдастырып,…
-

Түркістан көктемнің құшағында…
Ағаштар бүр жарып, жер ана жасыл бояуға малынып жатыр. Табиғаттың әр тынысы – жаңару мен өмірдің белгісі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1193916?lang=kk
-

2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңнің аяқталуына, сондай-ақ сыртқы ауа температурасының және ғимараттардың ішкі температурасының тұрақты түрде көтерілуіне байланысты, 3 сәуірден бастап Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру маусымы тоқтатылады.
Жылу беру жүйесі аталған күні сағат 09:00-ден бастап кезең-кезеңімен өшіріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1193917?lang=kk
-

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық шарасын ұйымдастырды. Аталған игі бастамаға музей-қорықтың барлық қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Тазалық жұмыстары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталып, Рабия Сұлтан Бегім қамал қорғанынан цитадель аумағына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Тәуке хан мен Есім хан кесенелері аумағында да санитарлық тазалық…
-

ТҮРКІСТАННЫҢ АВТОПАРКІ ЖАҢАРЫП, ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ 35 ЖАҢА АВТОБУС КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тасымалдаушы компанияларға 35 заманауи автобустың кілтін табыстады. Нақтырақ айтқанда, «Жолаушы» компаниясы 12 көлік және «ТехПрофАвто» компаниясы 23 автобуспен толықты. Сонымен қатар адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін көлік саласында қызмет етіп жүрген бір топ азаматты алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шарада облыс әкімі қоғамдық көлік…
-

«ТҰРАН» КОМАНДАСЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін футболдан бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. «Түркістан Арена» стадионында «Тұран» клубы «Оңтүстік Академия» командасын қабылдады. Стадионда жанкүйерлер қатары қалың болды. Кездесуге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жанкүйерлерді құттықтады. Ойын өте тартысты өтті. Екі команда да алаңда барын салып, жиі шабуыл ұйымдастырып, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Қақпа маңындағы қауіпті сәттер кездесудің…
-

АРЗАН БАҒАДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынылуда. Жәрмеңкеге Арыс қаласы, сондай-ақ Сайрам және Түлкібас, Ордабасы аудандарының шаруалары қатысып, сүт және ет өнімдері, көкөніс пен мен өзге де азық-түлік түрлері өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуда. Сонымен қатар, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген тауарлар да нарықтағы бағадан 30–40 пайызға…
-

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Отырыс барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылап, тиісті ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, тексеру комиссиясының мемлекеттік мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастамалары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының көше-жол желілерін күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыс түрлерінің жіктелуін…
-

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалық етіп, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және тиісті сала өкілдері қатысты. Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды…
