Санат: Жаңалықтар
-

Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сол сияқты соңғы үш жылда Қаратал ауданында облыстық маңызы бар 120 шақырым жол, елді мекендердің 54 көшесі жөнделіп, 30 ауылда жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу…
-

Ақмола облысында егіс науқанына дайындық мәселесі талқыланды
Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың, сондай-ақ аграрлық сектордың 600-ден астам өкілінің қатысуымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. «Ақмола облысы қатарынан екінші жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары бағасына ие болып, аграрлық сектордың көшбасшысы ретінде және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің «жүрегі» мәртебесін…
-

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: Көкшетауда ауқымды плоггинг өтті
Көкшетау қаласында өткен ауқымды плоггингке мыңға жуық тұрғын қатысып, соңғы жылдардағы келушілер саны бойынша рекорд жаңартты. Қатысушылар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті алдынан бастау алып, Бұқпа төбесіндегі бақылау алаңына дейінгі аралықты еңсеріп, жүгіріс барысында қоқыс жинау арқылы қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Экологиялық акцияға ресми түрде қала әкімі Әнуар Күмпекеев бастау беріп, мұндай бастамалардың…
-

Маңғыстау өңірінде Қазақстанда баламасы жоқ бірегей қолөнер орталығы ашылады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұлттық киім бренді – «Тәрбиянің» негізін қалаушы Тәрбия Айдымбаевамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – дәстүрлі өнерді дамыту және оны заманауи форматта жаңғырту арқылы өңірдің мәдени әрі экономикалық әлеуетін арттыру. Кездесу барысында тараптар өңірде ұлттық дәстүрлі өнерді насихаттау, қолөнер саласын жаңғырту және оны заманауи бағытта ілгерілету мәселелерін талқылады. Облыс әкімі…
-

Монако Князьдігінің Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Монако Князьдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Мирей Мартиниден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастығының саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзекті мәселелерін талқылады. А.Исетов Қазақстанның Монакомен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде, туризм,…
-

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мерхат Сапарғалиев тағайындалды. Мерхат Балтыбекұлы Батыс Қазақстан инженерлік технология университетін бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы БҚО Ақжайық ауданының әкімдігінде бастаған. 2010-2011 жылдары Орал қалалық маслихаты аппаратының жетекші маманы лауазымында қызмет етті. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан…
-

Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, жібек құртын өндіруді дамыту, коммуналдық тарифтер мен тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді. Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп,…
-

📢 Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
📅 17 сәуір 2026 ж.🕙 10:00–12:00📍 «Анаға тағзым» ғимараты Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 👥 Ұйымдастырушы: Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы🎯 Мақсаты: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығына бейімдеу 🏢 12 мекеме мен кәсіпорын қатысады💼 36 бос жұмыс орны ұсынылады Мамандықтар: оператор, кассир, жүргізуші, электрик, есепші, жұмысшы және т.б. 📊 Сонымен…
-

ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнирі басталды. Биылғы жарыстың ерекшелігі 90 жылдығына арналып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Олимпиада чемпионы Ермахан…
-

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Нысамбаев тағайындалды. Рустем Серікұлы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының түлегі. Еңбек жолын 2008 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитариялық бөлімінде бастады. 2013-2016 жылдары Жезқазған қаласының «Қазақмыс» медицина орталығында қызмет етті. 2016-2025 жылдары Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасында политравма бөлімшесінің меңгерушісі және хирургия қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 2025…
-

Шымкентте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді
2026 жылғы 16 сәуір сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Шымсити шағын ауданы Алатау батыр көшесі №101/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Қызғалдақ сарайы» кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі. Құрметті қала тұрғындары! Оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыру және нысан қызметкерлеріне, кешенге келушілерге төтенше жағдай орын алған жағдай дұрыс іс-қимыл жасауды үйрету мақсатында өткізілуіне байланысты үрейленбей, тыныштық сақтауларыңызды сұранамыз! Ақпарат…
-

Елордада қайыр сұрау мен азаматтарға заңсыз тиісу деректерінің жолын кесу жұмыстары күшейтілді
Елордада қоғамдық орындарда қайыр сұрау және азаматтарға түрлі жолмен тиісу фактілерін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын осындай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдауда.Қоғамдық орындарда кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын тұлғалардың азаматтарға тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату, айырбастау мақсатында, сондай-ақ бал ашу, қайыр сұрау…
-

Астанада автокөлік ішінен иесінің көзінше телефон ұрланды
Астана қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша 41 жастағы азамат ұсталды.Оқиға елорда аумағында күндізгі уақытта болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті еш қысылмастан «Hyundai» маркалы автокөліктің есігін ашып, көлік ішінде отырған иесінің көзінше «Honor» маркалы ұялы телефонды жасырын түрде қолды еткен. Жәбірленуші жағдайды бірден байқап үлгермеген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.Қылмыс қаланың…
-

ШЫМКЕНТТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН БАС МИ АУРУЫНА КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Шымкентте сирек кездесетін мойя-мойя ауруына шалдыққан 41 жастағы әйелге күрделі нейрохирургиялық операция сәтті жасалды. Қалалық №2 аурухананың дәрігерлері инсульт пен мүгедектік қаупінің алдын алып, оның өмірін сақтап қалды. Нарықтағы құны 3 миллион теңгеге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілген. Науқас ауруханаға бас ауруы, аяқ-қол әлсіздігі мен ұюы, жалпы әлсіздік белгілерімен жүгінген. Тексеру барысында…
-

«Gosagro» субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 13 сәуірден бастап екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау…
