Санат: Жаңалықтар
-

Көктемгі дала жұмыстары пысықталды
Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, көктемгі егіс жұмыстарының барысы талқыланды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Биыл қала көлемінде 8 227 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылуда. Оның ішінде, негізгі дақыл күріш 3 200 гектарды құрады. – Ауыл шаруашылығы…
-

КЕЛЕСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Келес ауданында халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, еңбек қатынастарын заңдастыру және аз қамтылған отбасылардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы маңызды мәселелер талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Аталған жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің маңыздылығына арнайы тоқталды. Аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылған басқосуға Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан…
-

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай гүл шоғын қою рәсімі өтті
Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы – бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз. Ұлы Жеңіс күні – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратын танытқан айтулы мереке. Бүгінгі ұрпақтың аталар сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат аппаратының қызметкерлері…
-

КЕЛЕСТЕ ЗИЯНКЕСКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОҚТАУСЫЗ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс сапарымен Келес ауданына келіп, шегірткеге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, жауапты сала басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті мамандар қатысып, аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес шаралары жан-жақты талқыланды. Жиында берілген мәліметке сәйкес, Келес ауданы бойынша зерттелетін…
-

Ақтөбедегі Heriot-Watt University кампусы студенттерге арналған оқу орындарының санын арттыруды жоспарлап отыр
Халықаралық білім алу мүмкіндігін кеңейтуге 2025 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жаңа оқу-зертханалық корпус жол ашады. Облыс әкімі Асхат Шахаров құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді. Нысан құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда жұмыстардың шамамен 45%-ы орындалған. Жоба Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылып, өңірде халықаралық білім беру…
-

Құрметті келестіктер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығы жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілер зор құрметтің күні. Отан алдындағы жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген сарбаздар мен офицерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық. Ел қорғау – ердің ісі. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі жауынгерлердің табандылығы…
-

Қазақстан мен Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда
Рига, 2026 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасымен іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар ірі латвиялық компаниялардың басшыларымен кездесті. Іс-шара барысында 2026 жылғы мамыр айының үшінші онкүндігінде Латвия делегациясының Қазақстан Республикасына жоспарланған сапары, оның ішінде В2В форматындағы кездесулер, «Латвия – Қазақстан 2026» бизнес-форумының күн тәртібі және…
-

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері мен №26 жалпы білім беретін мектеп ұжымы арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай волейболдан командалық жарысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл әкімі мен мектеп ұжымы белсене қатысып, спорттық сайысқа ерекше серпін берді. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1218373?lang=kk
-

Құрметті Келес ауданының тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігіне тағзым етіп, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге құрмет көрсететін қасиетті күн. Ұлы Жеңіс – халқымыздың қайсар рухы мен бірлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып…
-

Еңбегі ерен тыл ардагерлері
Ұлы Жеңіс күні – майданда елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы – бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз. Ұлы мерекеге…
-

«Чемпиондық рух»: Салауатты ұрпақ – ел болашағы
Орал қаласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті және облыстық білім басқармасының бірлесуімен ауқымды «Чемпиондық рух» жастар спорттық жобасы өтті. Қалада үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір…
-

Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары басталғалы 27,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Өңірдегі егіс науқанының барысы облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібәлиев көктемгі дала жұмыстары сәуір айының ортасында басталғанын айтты. Биыл облыста дәнді, майлы, мал азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картопты қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын 865 мың гектар жерге егу жоспарланған. Қазіргі таңда 27,5 мың гектар жерге…
-

ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: ХАЛЫҚТЫҢ ОРЫНДЫ ТАЛАБЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев А-15 «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жібек жолы» республикалық маңызы бар автожолының 175–183 шақырымдары аралығындағы бүлінген жол учаскесіне арнайы барып, жағдаймен танысты. Аталған аумақта автоматтандырылған таразы орналасқан. Қазіргі таңда осы тұстағы жолдың бүлінуі тұрғындар мен жүргізушілердің қатынауына қолайсыздық туғызуда. Мәселені жергілікті…
-

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Құрметті жерлестер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын, батырлық пен жауапкершілікті дәріптейтін ерекше күн. Ұлан-ғайыр даламыздың тыныштығын күзетіп, Тәуелсіз еліміздің тұғырының берік болуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Бабалар аманатына адал болып, ел намысын бәрінен биік қоятын рухты ұрпақ барда –…
-

30 мамыр күні Ақтөбе қаласы дәм мен дәстүрге толы мереке ортасына айналады.
Қаладағы «Астана» саябағында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль өтеді. Келуші қонақтарды таңғы 11:00-ден бастап ұлттық рух пен хош иіске толы атмосфера күтпек. Күн бойы жалғасатын мереке кешкі 17:00-ге дейін Ақтөбенің аграрлық дәстүрі мен заманауи гастрономиялық мүмкіндігін тоғыстырады. Сонымен қатар, «Әнім сенсің – Ақтөбе» этнофестивалі де мерекенің көркін аша түседі. Фестиваль алаңында тарыдан әзірленген…
