Санат: Жаңалықтар
-

Таразда және Жамбыл облысында 1-сыныпқа қабылдау жаңа жүйе бойынша өтеді
Тараз бен Жамбыл облысында 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа жүйесі енгізіледі 2026 жылдың 10 маусымы мен 31 тамызы аралығында балаларды 1-сыныпқа қабылдау және құжат тапсыру бойынша бірыңғай цифрлық платформа арқылы пилоттық жоба іске қосылады. Ата-аналар өтінішті eGov электронды үкімет порталы және «OQU» ұлттық білім беру платформасы арқылы бере алады. Жаңа жүйе қабылдау процесін бір мемлекеттік платформаға біріктіріп,…
-

Павлодар облысында “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” акциясы өтуде
Павлодар облысында 18 мамыр мен 8 маусым аралығында “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” атты ауқымды республикалық акция өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайту. Акция аясында полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, психологтар мен қоғам белсенділері тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.…
-

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында интернет-алаяқтық және киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ “ Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында 18 мамыр 2026 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы 11 шағын ауданы орналасқан адамдар көп шоғырланатын Қазақстан-Түрік достығы аллеясында қала тұрғындары арасында интернет-алаяқтық, киберқылмыстар, дроперлік деректері бойынша кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:• Интернет-алаяқтық схемаларын анықтау• Банк карталарын заңсыз пайдалануды тоқтату• Күмәнді ақша аударымдарын тексеру• Азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 📢Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына: өз банк картаңызды немесе банк шотыңызды үшінші тұлғаға пайдалануға бермеулеріңізді ескертеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1223664?lang=ru
-

Шымкентте қаржы пирамидасына 700 млн теңгеден астам қаражат салынған
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Капитал» атауымен инвестициялық платформа ретінде жасырын әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде. Тергеу амалдарына, күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 000-нан 500 000 теңгеге дейін қаражат тартып, 3–5 күн ішінде салым сомасының 30–50%-ына дейін жоғары табыс уәде еткен. Жаңа қатысушыларды тарту үшін психологиялық әсер ету тәсілдері қолданылған.…
-

2026 жылғы 18 мамырда сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Р.А. Тойболдинов аудандық ауруханалардың өкілдерімен ZOOM форматында медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін беру арқылы сертификаттауға өтініш тапсыру кезінде ұсынылатын біліктілік санаты туралы куәліктердің, біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы құжаттардың жалғандығын анықтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
2026 жылғы 18 мамырда сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Р.А. Тойболдинов аудандық ауруханалардың өкілдерімен ZOOM форматында медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін беру арқылы сертификаттауға өтініш тапсыру кезінде ұсынылатын біліктілік санаты туралы куәліктердің, біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы құжаттардың жалғандығын анықтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1223835?lang=ru
-

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 10.00-де Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі: Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының…
-

Астанада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен Алтын Орда мұрасы бойынша халықаралық симпозиум ашылды
«Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты ауқымды халықаралық симпозиумы Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік процестерді қалыптастырудағы рөлін жан-жақты түсіну үшін жетекші қазақ және шетелдік ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қоғамдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді. 19-20 мамырда Астанада ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өтіп жатқан форумның мақсаты – Қазақстан…
-

ҚАЗАҚСТАНДА ОТАНДЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 40%-ҒА ЖЕТТІ
⚜️ Астанада «СҚ-Фармация» ЖШС алаңында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Фармацевтикалық индустрияны дамыту перспективалары» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Іс-шара барысында фармацевтика саласының өзекті мәселелері мен халықты дәрілік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырысты ашқан Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов отандық фармацевтика саласын жүйелі дамыту, өндірістерді локализациялау деңгейін кеңейту және халық үшін заманауи дәрілік заттардың қолжетімділігін…
-

ТЖМ басшысы Астанадағы ведомстволық нысанды жаңғырту барысымен танысты
Астана қаласында жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов «Резерв» РМК әкімшілік ғимаратын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Аталған нысан 1961 жылы пайдалануға берілген және ұзақ уақыт бойы кешенді жаңартусыз жұмыс істеп келген. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртудың қазіргі кезеңі аясында Мемлекеттік материалдық резерв…
-

Жаңа Конституция жобасы – еліміздегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына тың серпін беретін маңызды қадам
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты мекемелердің қатысуымен өткен жиын барысында Жаңа Конституция жобасының мүмкіндіктері кеңінен түсіндіріліп, спорт саласын дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Кездесуде Ата заңдағы білім, ғылым, цифрландыру және адами капиталды дамытуға қатысты бастамалардың дене шынықтыру мен спорт жүйесіне беретін жаңа мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Ата заңда білім,…
-

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ШҰБАР АУЫЛЫНАН БАСТАЛДЫ
✔️Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдерінің халықпен есепті кездесулері бастау алды. Осыған сәйкес, аудан әкімі Азат Оралбаев бүгін Шұбар ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.✔️Кездесу барысында аудан басшысы өткен жиындарда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмағанын айтып, олардың кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқанын жеткізді.— Алдыңғы…
-

Құлан ауылында газ-түтіннен қорғау қызметінің тәжірибелік жаттығуы өтті
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметі қызметкерлерімен жылу-түтін камерасында тәжірибелік жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында газ-түтіннен қорғаушылар арнайы тыныс алу аппараттарын пайдаланып, шектеулі көріну жағдайында зардап шеккен адамды іздеу және эвакуациялау, шартты өрт ошағын анықтау, қауіпсіз бағытпен қозғалу тәсілдерін іс жүзінде орындады. Сонымен қатар қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын қатаң…
-

Сәйкестік декларациясы және кедергісіз орта
2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыс процесіне қатысушылардың барлығы үшін мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімді орта талаптарына объектілердің сәйкестігіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Сәйкестік декларациясы – мердігердің (бас мердігердің) аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың…
-

АУДАН ӘКІМІ ШҰБАР АУЫЛЫНДАҒЫ «RAY TEXTILE» ӨНДІРІСТІК ЦЕХЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауылындағы кездесуден соң ауыл округіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Алдымен «Ray Textile» өндірістік цехына барып, ондағы өндіріс үдерісін көрді. Бүгінде өндіріс орны ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға және жергілікті өндірісті дамытуға өз үлесін қосып келеді. Кәсіпорында қазіргі таңда 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда көрпе-төсек, жастық,…
-

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап сапармен келгені үшін ризашылығын білдірді. – Бұл мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екеніңізді…
