Санат: Пікір
-

Сәкен Әтел Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаменті директоры болып тағайындалды
Сәкен Шекербекұлы Әтел 1994 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Гидрология» мамандығы бойынша, ал 2019 жылы М. Нәрікбаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Есіл бассейндік инспекциясына қарасты Ақмола аумақтық кешенді су ресурстарын пайдалану бөлімінде бас маман міндетін…
-

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі мен оларды пайдалану тәртібі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңмен және Үкіметтің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру және оларға деген құрметті нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату және…
-

Бірлік пен келісім – біздің ортақ құндылығымыз!
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Біздің өңіріміз – түрлі этнос өкілдері ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан құтты мекен. Біздің ортақ мақсатымыз – осы тыныштық пен өзара сыйластықты сақтау. Қазіргі ақпараттық кеңістікте түрлі қауесеттер мен жалған ақпараттар тез тарайды. Сіздерді парасаттылық танытып, тұрмыстық немесе жеке түсініспеушіліктерді этносаралық мәселеге айналдыруға жол бермеуге шақырамыз. Арандатушылардың сөзіне ермеңіздер!…
-

Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев…
-

«Шахтер» футбол клубының әрбір ойыншысына цифрлық медициналық карта енгізілді
Қарағандының «Шахтер» футбол клубында енді әрбір ойыншының денсаулық жағдайы цифрлық форматта бақыланады. Қанның кеңейтілген талдауы, жеке медициналық карталар, жүктемені бақылау және дербес тамақтану жүйесі – мұндай заманауи технологиялар команда жұмысында қазіодің өзінде қарастырылған. Жекешелендіруден кейінгі алғашқы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы клуб басшылығы Қарағанды облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері және Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен өткен ашық…
-

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады
2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды. Осы кезеңде ел театрлары 16 мыңнан астам спектакль ұсынып, 410 жаңа қойылымды сахналады. Жалпы 2 832 835 көрермен театр өнерін тамашалады. Маусымның басты жетістіктерінің бірі – театр репертуарының мазмұны мен жанрлық аясының кеңеюі. Айрықша қойылымдардың қатарында «Астана Опера» театрындағы «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы, Абай атындағы Қазақ…
-

Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан 885 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Дархан Сатыбалды азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі…
-

Өрт қауіпті кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз. ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады
Өрт қауіпті кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз. ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады: – ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз; – жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз; – табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін; – өрт…
-

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған Ақсай өзеніндегі сүзгі станциясы бар жаңа су тарту нысанының салтанатты іске қосылу рәсіміне қатысты. Қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жаңа нысан қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалардың бірі. Ол қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарды сумен жабдықтау…
-

Павлодарда кафе мен барлардан полицияға 800-ге жуық шақырту түсті
Павлодар облысының полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарының анти-рейтингін жасады.– Біз 102 арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға талдау жүргізіп, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлерін зерделедік. Биылғы жылы полицияға түрлі сипаттағы 736 шақырту келіп түсті, – деді Азамат Күркебаев, Павлодар облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы.Анти-рейтингке облыс орталығындағы полиция шақыртулары ең көп тіркелген келесі…
-

«АЛТАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ СЫРТ АЛАҢДА «ЖЕТІСУДЫ» ЖЕҢІП, МАҢЫЗДЫ ҮШ ҰПАЙҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Шығыс Қазақстанда халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі жоғары деңгейде өтіп жатқан тұста, өңір жанкүйерлерін қуантқан тағы бір жағымды жаңалық футбол алаңынан жетті. Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында ШҚО намысын қорғайтын «Алтай» футбол клубы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді. Талдықорған қаласында өткен тартысты кездесудің тағдырын шешкен жалғыз…
-

Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71%-ға артты
Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ билеттерін іздеу сұраныстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өскен. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Әсіресе, Қытай (+166%), АҚШ (+93%), Ұлыбритания (+85%) және…
-

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысының Ерейментау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардан…
-

🔊 ХАБАРЛАНДЫРУ!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ! ЕГЕРДЕ СІЗГЕ: – Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе; – Жалақыңыз (зейнетақы жарналарыңыз бен тиісті әлеуметтік төлемдеріңіз) уақытылы немесе толық төленбесе; – Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса; – Мереке, демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз; – Үстеме жұмыстарға қосымша ақы төленбесе; – Жұмыс берушіңіз жазатайым оқиғадан сақтандыру шартымен келісім-шартқа тұрмаса; – Жазатайым жағдайларды жасыру…
-

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Таза әрі көрікті орта – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Көшелерді, саябақтарды, демалыс орындарын және өзге де қоғамдық аумақтарды таза ұстау – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Әр тұрғын қарапайым тазалық талаптарын сақтап, қоқысты арнайы…
