Мал шаруашылығы саласында сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру жыл бойы қол жетімді. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақысының 80% субсидиялау түрінде жүзеге асырылады.

АӨК-дегі ерікті сақтандыру жүйесі фермерлерге Қазақстан аумағында ірі қара, ұсақ мал, жылқы және құстарды сақтандыруға мүмкіндік береді.

Сақтандыруға өтінімді QALQAN платформасындағы Kezekte.kz онлайн сақтандыру сервисі арқылы беру қажет. Шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемдерін алуға дейінгі барлық қадамдар фермердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы онлайн режимінде жүргізіледі.

Онлайн сақтандыру жүйесінің жеке кабинетінде фермерге сақтандыру нысанын көрсету қажет. Бұл «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде тіркелген жануарларды көрсету, сақтандыру компаниясын айқындау, сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеу. Ал сақтандыру сыйақысы сомасының қалған 80% сақтандырушы оператор өтінім бойыншы субсидия түрінде төйлейтін болады.

Аграрлық несие корпорациясы Қазақстанның мал өсірушілеріне сақтандыру құралын пайдалануды және өз жануарлары мен құстарын инфексиялық, аса қауіпті аурулардан, жазатайым оқиғалардан, қауіпті табиғи құбылыстардан, оның ішінде су тасқынынан, залзалдан, өрттен және ұрлықтан қорғауды ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/1016127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді