Полицейлер медицина қызметкерлеріне киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда қаласында “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында киберқылмысқа, телефон және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері үздіксіз күшейтілген режимде жүргізуде.
🔻2026 жылғы кешенді жоспарға сәйкес қала көлеміндегі барлық медицина қызметкерлерімен жолығып, түсіндіре жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі кездесу Қызылорда облыстық тері – венерология диспансерінің қызметкерлерімен өтті.
🔻Іс -шара барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Шагиров Азиз Алиевич соңғы уақытта тіркеліп жатқан интернет-алаяқтық фактілеріне тоқталып, мұндай қылмыстардың көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатынын атап өтті. Ол дропперлік әрекеттерге қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, жастарды заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға үндеді.
🔻Қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып,сұрақтарын қойды. Кездесу құқықтық мәдениетін арттыруға және интернет кеңістігіндегі қауіптерге қарсы бағыт – бағдар қалыптастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1165903?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді