«Тырысқақ ауруы» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 қаңтарда санитариялық-карантиндік бақылау саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы:
 «Тырысқақ. Әуе кемесі бортынан АҚИ-ға күдікті науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен кездегі санитариялық карантиндік бақылауды жүзеге асыратын СККБ маманының іс-қимыл алгоритмі».

Іс-шараға көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік бақылау мамандары қатысты.

Семинар барысында:

  • тырысқақ ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері;
  • әуе көлігі арқылы инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі;
  • әуе кемесі бортында АҚИ-ға күдікті науқас анықталған жағдайда СККБ мамандарының әрекет ету тәртібі;
  • ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері мен шұғыл жауап беру шаралары
     кеңінен талқыланды.

Семинар қатысушылары практикалық жағдайлар бойынша тәжірибе алмасып, санитариялық-карантиндік бақылауды жетілдіру бағытындағы өзекті сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шаралар қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу және көліктегі санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1170389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді