
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХІІ сессиясы 2026 жылғы 10 наурыз сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- Тимирязев аудандық мәслихатының қызметі туралы есеп;
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер;
- «2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 31/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- «2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданы ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 31/3-18 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы;
- «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 18/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХІІІ сессиясының күн тәртібі туралы.
Осы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 10.00-де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1173133?lang=kk

Жауап қалдыру