Интернационал орта мектебінде конституциялық кепілдіктердің маңыздылығы туралы айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихат төрағасы А.С.Асанова мұғалімдермен білім беру сапасын қамтамасыз ету, педагогтарды қолдау және адами капиталды дамыту мәселелерін талқылау үшін Интернационал орта мектебі педагогтарымен кездесті.

«Конституциялық нормалар барлық мемлекеттік саясатқа бағдар береді. Егер білім беру саласы стратегиялық басымдық ретінде белгіленсе, бұл педагогтарды жүйелі қолдауды, бағдарламаларды жаңғыртуды және балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құруды білдіреді», – деп атап өтті Айман Асанова.

«Білім беру саласындағы кепілдіктерді Ата заң деңгейінде бекіту мұғалімдер мен ата-аналар үшін түбегейлі маңызға ие. Мұғалімдерге құқықтық ортаның тұрақтылығын сезіну өте маңызды. Әлеуметтік кепілдіктер мен білім беру жүйесін қолдау конституциялық деңгейде бекітілген болса, бұл ертеңгі күнге деген сенімділікті нығайтады», – деп баса айтты аудандық мәслихат төрағасы А.С.Асанова.

Қатысушылар бүгін біздің көз алдымызда тарих жазылып жатқанын және әрбір азамат референдумға қатысуы тиіс екенін, еліміздің болашағы осыған байланысты екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1173132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді