
2026 жылы 2 наурызда Алматыда Тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі арнайы жұмыс тобының үшінші отырысы аясында БҰҰ ЭСКАТО делегациясының көшпелі сапары өтті. Қатысушыларға UN Plaza кешенінің инфрақұрылымы мен оның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі практикалық цифрлық шешімдермен алмасудың өңірлік платформасы ретіндегі әлеуеті таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның цифрлық күн тәртібін дамытуға және БҰҰ аясындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ Цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мен озық тәжірибелермен алмасу құралы ретіндегі маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1173131?lang=kk

Жауап қалдыру