ШҚО Ана мен бала орталығында 22 бала кардиологтардың тексеруінен өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында Ана мен бала орталығында University Medical Center мамандары «Пациенттер мектебі» жобасы аясында туа біткен жүрек ақауына күдігі бар балаларға кеңес беріп, тексеру жүргізді.

UMC-тің балалар кардиологиясы бөлімінің меңгерушісі, балалар кардиологы Альмира Байғалқанованың айтуынша, туа біткен жүрек ақаулары балалар арасында жиі кездесетін патологиялардың бірі болып табылады. Қазақстанда бұл диагноз әр 1000 нәрестенің шамамен 8–9-ында анықталады, жыл сайын осындай дертпен 3–4 мыңға жуық бала дүниеге келеді.

Мамандардың сөзінше, ерте диагностика ерекше маңызға ие. Негізгі әдістердің бірі – эхокардиография, ол жүректің құрылымын, қақпақшалардың жұмысын және қан айналымының ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ақаулардың шамамен 77%-ы жүктілік кезінде анықталса, 23%-ы бала туғаннан кейін белгілі болады.

Өңірге жасалған іссапар барысында 22 бала тексеруден өтті. Барлығына эхокардиография жүргізіліп, әрі қарай бақылау мен емдеу бойынша ұсынымдар берілді. Кейбір жағдайларда қосымша тексерулерден өту немесе мамандандырылған медициналық орталықтарға жолдама алу қажет.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында туа біткен жүрек ақауы диагнозымен шамамен 630 бала тіркелген.

«Пациенттер мектебі» жобасы Heart Center Foundation қоры мен UMC Жүрек орталығының бірлесуімен жүзеге асырылуда. Жоба отбасыларды қолдауға, ерте диагностиканың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға және пациенттік білім беруді дамытуға бағытталған. Жүрек орталығында жыл сайын шамамен 500 ота жасалып, олардың 90%-ға жуығы сәтті аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1184706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді