
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» аясында Қызылорда облысында ағартушылық іс-шаралар жалғасуда.
Аталған жоспарға сәйкес «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Ұзақұлы Байхожаевпен «Денсаулық сақтау құқығы – конституциялық кепілдік» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға денсаулық сақтау саласындағы құқықтардың конституциялық негіздері, азаматтардың медициналық көмекке қол жеткізу құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау тетіктері туралы түсіндірілді.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
#Денсаулық_және_Құқықтар_ТМД
#АдамҚұқықтары
#Қызылорда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1195652?lang=kk

Жауап қалдыру