22 сәуір күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККБИ), микробиологиялық мониторинг және микробқа қарсы төзімділік мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.
Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, медициналық ұйымдардың емдеу ісі жөніндегі бас дәрігерлерінің орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, сондай-ақ қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың инфекциялық бақылау бойынша мейіргерлері қатысты.
Семинар барысында СҚО бойынша МККБИ-дің эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдарда МККБИ-ді тіркеудің нормативтік талаптары, сондай-ақ көпбейінді облыстық ауруханада жүргізілетін микробиологиялық мониторинг пен микробқа қарсы төзімділік мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Жауап қалдыру