2026 жылғы 29 сәуірде Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атмосфералық ауаның тәуліктік орташа сынамаларын алу барысында туындаған өзекті мәселелерді талқылауға арналған өндірістік кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңеске департамент басшысының орынбасары Б.Сатқанбаева төрағалық етті. Іс-шараға коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Р.У.Серикбай, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы филиалы басшысының орынбасары О.У.Имашева, санитариялық-гигиеналық зертхана дәрігері Е.А.Жақсылық, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары және ҰСО-ның аудандық бөлімшелері қатысты.

         Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2023 жылғы 8 ақпандағы №19-НҚ бұйрығының талаптарын түсіндіру және атмосфералық ауаға тәуліктік орташа сынамалар алу кезіндегі өзекті мәселелер қаралды.

         Кеңес барысында қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулердің көлемі мен жиілігін айқындау, бақылау нүктелерін белгілеу, сондай-ақ атмосфералық ауаның ластаушы көздерін есепке алу мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ауа сынамаларын алу, негізгі ластаушы заттарды бақылау және мониторинг жоспарын жетілдіру бағытында ұсыныстар берілді.

         Кеңес қорытындысы бойынша қалалық және аудандық басқармаларға, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының филиалы мен оның аумақтық бөлімшелеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1212622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді