
Жетісу облысында биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында 2034 азаматқа жалпы сомасы 296 млн. теңге болатын бір реттік материалдық көмек беріледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні өңірде 1 соғыс ардагері бар. Ол – Құсайынов Ысқақ Әбілпейісұлы. Оған 5 млн. теңге көлемінде төлем беріледі.
Сол сияқты “Ардагерлер туралы” Заңға сәйкес басқа да 8 санаттағы ардагерлерге 112,4 мың теңгеден 216,2 мың теңгеге дейінгі сомада бір реттік материалдық көмек беріледі.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/1212621?lang=kk

Жауап қалдыру