
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Орталық саябақта «Татулық пен достықтың мекені – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, ауданның зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар және аудан ардагерлері қатысты.
Жиында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Өмірзақ Қарабеков аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің мемлекет дамуындағы маңызына тоқталды. Өз сөзінде татулық пен тұрақтылық – Қазақстанның басты құндылығы екенін атап өтті.
Мереке аясында ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Бәйдібек ауданында қоғамдық келісім мен өзара сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1212803?lang=kk

Жауап қалдыру