ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК АЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           2026 жылғы 30 сәуірде Шымкент қаласының «Арбат» алаңында «Халық заңгері» әлеуметтік ашық есік күні акциясы өтті.

          Акция барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша білікті мамандардан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, азаматтар мүліктік даулар, атқарушылық іс жүргізу, алимент өндіру, еңбек қатынастары және өзге де құқықтық сұрақтар бойынша жауап алды.

           Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаментінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылар сондай ақ әкімдікке қарасты барлық басқармалардың қызметкерлері мен өзгеде мемлекеттік мекемелер қатысып, халықпен ашық форматта жұмыс жүргізді.

          «Халық заңгері» акциясы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы кері байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1212802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді