
Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан халқының бірлігі күнімен
шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні — еліміздің мемлекеттік саясатының негізін құрайтын ынтымақ, өзара құрмет пен келісімді айшықтайтын ерекше мереке. Қазақстан этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытын нық ұстанып келеді. Соның нәтижесінде әрбір азамат өзін ортақ құндылықтар мен жасампаздыққа ұмтылыс біріктірген біртұтас халықтың бір бөлігі ретінде сезінеді.
Бұл қағидаттар біздің өңірімізде де айқын көрініс табуда. Мұнда көптеген жылдар бойы түрлі этнос өкілдері өзара сенім мен тату көршілік жағдайында өмір сүріп келеді. Дәстүрлер мен мәдени мұра сақталып, рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда, қоғамдық байланыстар нығаюда. Тұрғындардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген адалдығы тұрақтылық пен орнықты дамудың берік негізі болып табылады.
Қадірлі жерлестер!
Осы жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жан жылуын тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік, қуаныш пен өзара түсіністік салтанат құрсын, ал Қазақстан халқының бірлігі еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге әрдайым жігер берсін!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1212801?lang=kk

Жауап қалдыру